
Бүгін Қарттар күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шарада ауданымыздың ардақты қарттарын құттықтап, оларға шынайы қошемет көрсетілді. Бұл күні олардың өмірлік тәжірибесі мен даналығын атап өту – біздің басты міндетіміз.
Шара барысында талантты өнерпаздарымыз керемет концерттік бағдарлама ұсынды, Уалиев Амангелді Уалиевич Қасым Қайсенов кентінің бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы, Машибаева Сарқыт Какышевна мемлекеттік қызмет ардагері, қоғам белсендісі, Қапкенова Кулянда Қаңтарбайқызы көпбалалы ана қарттарымызға алғыс хаттар табыс етілді.
Сонымен қатар, Облыстық мәслихат депутаты Абдыкалыков Ербол Алимканович 120 зейнеткерге азық-түлік пакеттерін табыс етті. Бұл шара зейнеткерлерді қолдап, олардың қоғамға қосқан үлесі мен еңбегін бағалау мақсатында ұйымдастырылды. Ардагерлерге қажетті азық-түліктен бөлек, шынайы құттықтаулар мен алғыс сөздер де айтылды. Мұндай бастамалар ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға, үлкендеріміздің үлесін бағалайтынымызды көрсетіп, құрметімізді білдіруге септігін тигізеді.
Бүгінде ауданымызда 156 тыл ардагері мен 5607 зейнеткер бар. Бұл – біздің қоғамның тірегі, рухани құндылықтарымыздың жалғастырушысы.
Біздің қарттарымыз – тарихымыз бен мәдениетіміздің мұрагерлері. Оларды құрметтеу – баршамыздың жауапкершілігіміз.
Қарттар күнімен баршаңызды құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен ұзақ ғұмыр тілеймін!