Хабарландыру

Хабарландыру

2024 жылдың 16-18 қазан күндері Қасым Қайсенов кентінде Ұлан ауданының басқару органдарымен, азаматтық қорғау күштерімен өткізілетін кешенді оқу-жаттығу өткізіледі. Оқу-жаттығудың тақырыбы: «Ұлан ауданының азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару органдарының, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның, авариялық-құтқару қызметтерінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі төнген кездегі іс-әрекеттері».
Кешенді оқу-жаттығудың мақсаттары:
1) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің және халықтың табиғи және техногендік сипаттағы ықтимал төтенше жағдайлардың салдарын жоюға дайындығы мен қабілеттігінің деңгейін арттыру;
2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағжайлар туындаған жағдайда бағынысты күштерді басқару жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жұмысындағы үйлесімділікті жетілдіру.
Кент тұрғындары мен қонақтарына аталған іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және жұмылдырылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.