
Ұлан ауданы Тарғын ауылы, тұрғыны жалғыз басты ақсақалдың үйіндегі от жағу пешін жылыту маусымға дайындауға Асубұлақ кенті 11 өрт сөндіру бөлім қызметкерлері қол ұшын берді. Пештің ыстан тазалап , күлден тазартты. Ұлан ауданы ТЖБ тұрғындарды ескертеді:
- мұржалар мен пештерді жылыту маусымы басталар алдында және жылыту маусымы кезінде пешті кемінде үш айда бір рет күлден,ыстан тазарту қажет;
- пешті жағуду ұйқыға жатуға бірнеше сағат қалғанда аяқтау керек;
- жанбай қалған отын қалдығынан уланып қалғанша, аздап жылудың шығуы көп зардап тигізбейді;
- ешқашан есігі ашық күйде пештерді жағуға болмайды;
- жанып жатқан пештерді қараусыз қалдырмаңыз;
- пештерде отынды,киімді және де басқа жанғыш материалдар мен заттарды кептірмеңіз немесе қоймаңыз.