Ұлан ауданында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын орындау бойынша қабылданып отырған шаралар туралы

Ұлан ауданында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын орындау бойынша қабылданып отырған шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылдың 2 ақпанындағы № 802 Жарлығымен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасы және оны іске асыру Іс-шаралар жоспары бекітілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне «мүлдем» төзбеушілік атмосферасын құру және Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету арқылы бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту болып табылады. 

2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасы және оны іске асыру Іс-шаралар жоспарының негізінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бәріміз бірге» тақырыбында 8 дөңгелек үстелдер, «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сананы қалыптастыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» тақырыбында 15 семинар және халыққа мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру, пара беруге тыйым салу туралы 3 онлайн кездесулер өткізілді.

 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, сондай-ақ, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылдың басынан бері 200-ден астам кітапшалар, ақпараттық парақшалар таратылды.

Үстіміздегі жылы Ұлан ауданының аумағында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті насихаттайтын Агенттіктің логотипі бар 2 баннер орнатылды.

«Антарес А» қоғамдық қорымен халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру туралы келісімшарт жасалды (келісімшарттың сомасы 1 506 696,43 (1,5 млн) теңге).

Қызметтің барлық салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұнда 21 авторлық мақалалар жарияланды. «Ұлан айнасы» газетінің беттерінде: - аудан әкімінің, аудан әкімі аппараты, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, ішкі саясат бөлімі басшыларының мақалалары жаряиланды.

Сонлай-ақ, аудан әкімінің ресми сайттарында – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы 17 мақалалар, олардың ішінде ауылдық округтер әкімімен 11, дербес бөлімдердің басшыларымен  6 мақалалар жарияланды.

Ағымдағы жылдың 27 мамырында аудандық кітапханада жасөспірімдер, орта мектептердің оқушыларының қатысуымен «Парасат жолы – адалдық алаңы» кітаптардың көрмесі, сонымен қатар, ақпаратық-танымдық сағаттар өткізілді.

30 мамырда аудандық мәдениет үйінде «Халықтық заңгер» республикалық акциясы өткізілді. Тұрғындар сот, құқық қорғау, қадағалау органдары, адвокаттар, сот орындаушылары, нотариустар және аудан әкімдігінің өкілдерінен әр түрлі кеңестер алды.

Маусым айында Ұлан ауданының қоғамдық келісімнің орталығында ішкі саясат бөлімімен аудандағы этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен бірлесіп дөңгелек үстел өткізілді. Маусым айының 20-сында ауданның бас имамы Зауатбек Сайлаумен кездесу өткізілді. Кездесу барысында адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық құндылықтарын насихаттау сұрақтары талқыланды.

Халықтың алаңдататын мәселелердің бірі – интернет-алаяқтық. Осы бағытта ауылдық және кенттік округтердің әкімдері полиция қызметкерлерімен бірлесіп, интернет-алаяқтықтың алдын алу және онымен күресу мәселелері бойынша халықты жан-жақты ақпараттандыру туралы ақпараттық-алдын алу жұмыстарын жүргізді. Тұрғындармен әңгімелесулер өткізілді, интернет-алаяқтардың жұмыстарының алгоритмі түсіндірілді. Осыған байланысты 30-дан астам іс-шаралар өткізілді. Аталған бағыттағы жұмыс «Instagram» әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланған.

Ағымдағы жылдың 31 мамырында ішкі саясат бөлімі персоналды басқару бөлімінің басшысымен бірлесіп, Қасым Қайсенов кенті орта мектебінің үлкен сыныптары оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік, сондай-ақ, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру» тақырыбында «Ашық есік күні» акциясын өткізді.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту мақсатында наурыз айында «Instagram», «Facebook» әлеуметтік желілерінде Азовое ауылдық округінің әкімі Б.Е.Бутышевтың балық аулау кезінде бөлінген мұздың үстінде қалып қойған Ұлан ауданының тұрғынын құтқарып қалған іс-әрекеті жайлы пост жарияланды.

 Ұлан ауданының білім беру ұйымдарында оқушылардың парасаттылық және академиялық адалдық дағдыларын қалыптастыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. «Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталас практикумы, «Құқықтық тәрбиедегі отбасының рөлі» ата-аналар жиналысы, «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» пікірталас ойыны, оқушылар арасында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» суреттер байқауы, «Мемлекеттік қызмет алу» іскерлік ойыны, «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» флэшмобы өткізілді. 2024 жылдың 4 сәуірінде Алмасай ауылындағы «Абай атындағы орта мектебі» ҚММ базасында  «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубының слеті өткізілді, оған 18 білім беру ұйымдары қатысты. 

2024 жылдың шілдесінде Ұлан ауданының мемлекеттік органдарында және квазимемлекеттік мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың ішкі талдауы өткізілді. Ішкі талдаудың нәтижесінде 9 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері айқындалып, олар талдау барысында жойылды.

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жыл басынан бері қолданыстағы заңнамаларды түсіндіру бойынша 38 тікелей эфирлер өткізілді.

          Осы бағыттағы жұмыс жалғасын табады.