
«Саламатты Қазақстан» жобасы бойынша Ұлан ауданы, Огневка кентіндегі «Таусамалы» станциясына медициналық пойызы келіп тоқтады.
Бұл жоба ірі елді мекендерден алыс және медициналық мекемелері жоқ шалғайдағы станцияларға, оған мұқтаж адамдарға тегін медициналық және өткен жылдан бері құқықтық көмек көрсетуге бағытталған.
Бүгінде Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесін дамытуға көп көңіл бөлініп жатыр. Еліміздің медициналық мекемелері жоғары білікті дәрігерлер жұмыс істейтін заманауи құралдармен жабдықталған.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойыз, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Денсаулық сақтау министрлігінің және «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен, тұрғындардың денсаулығын жақсартуға, халықты диагностикаға өткізуге, алдын алуға, азаматтарға психологиялық, құқықтық және медиативтік көмек көрсететін кәсіби және тәжірибелі медиаторлар мен заңгерлер шалғайдағы елді мекендердегі тұрғындарына «Медициналық пойыз» жобасы аясында тегін медициналық көмектер көрсетті.
Сонымен қатар, Мәдениет және ақпарат министрлігі Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы мен Ұлан ауданының мәдениет үйінің өнерпаздарының бірлескен концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.
Біздің ауданда азаматтардың денсаулығын сақтау бағытында, денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Дегенмен, біздің аудан тұрғындары денсаулық пойызының дәрігерлерін әрқашан асыға күтеді.