2024 жылдың 5 қыркүйегі күні “Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесі “Тілдерді оқыту орталығы” КММ ұйымдастыруымен жалпықазақстандық ашық диктант өткізу аясында аудан көлемінде диктант өткізілді. Диктант 18 жастан асқан ересектер арасында ұйымдастырылды. Шараға мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеме қызметкерлері, кәсіп керлер, аудан тұрғындары, этнос өкілдері, қоғамдық келісім орталығының мүшелері, қамту қызметкерлері барлығы 1367 адам қатысты. Диктант қорытындысы бойынша шараға белсене қатысып, диктант жазудан жоғары көрсеткішке қол жеткізгендерге арнайы сертификаттар тапсырылатын болады.