
2024 жылғы 29 тамызда Ұлан ауданы бойынша білім беру саласы қызметкерлерінің «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» тақырыбындағы аудандық тамыз педагогикалық кеңесі өтті.
Дәстүрлі тамыз кеңесінде жаңа оқу жылының басталуына сәттілік тілей, отырып
Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі дәстүрлі Тамыз кеңесінің атауы да бекер емес. Себебі әлем цифрландыру кезеңінен жасанды интеллект немесе адамның ойлау қабілетін компьютерлік жүйелермен модельдеу дәуіріне өтуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы алғашқы республикалық педагогтер съезінде білім беру үдерісін цифрландыруда жеделдік керектігіне арнайы тоқталды. Осы маңызды басқосуда ауданымыздың білім саласына бей-жай қарамайтын білім саласының үздіктерін, мәртебелі ұстаздарымызды төрімізден көргеніме қуаныштымын. Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт – бүлдіршін кезден бастап көрген тәрбиесімен өнегесі. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болып, еліміздің болашағының жарқын болуы біздің бүгінгі адал еңбегімізге байланысты. Баршаңызды бірлікте күш қосып, бала оқытудан кеш қалмауға шақырамын.