Құрметті жерлестер, "Конституция күні" мемлекеттік мерекесіне орай аудан орталығында салтанатты жиналыс өткізіліп, мерекелік концертпен аяқталды

Құрметті жерлестер, "Конституция күні" мемлекеттік мерекесіне орай аудан орталығында салтанатты жиналыс өткізіліп, мерекелік концертпен аяқталды

Құрметті жерлестер, "Конституция күні" мемлекеттік мерекесіне орай аудан орталығында салтанатты жиналыс өткізіліп, мерекелік концертпен аяқталды. Жиналыс барысында Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын нығайтуға өзінің белсенді өмірлік ұстанымымен және адал еңбегімен үлес қосып жүрген бірқатар тұрғындарымызды Құрмет грамоталарымен марапаттадым. Сондай-ақ, бұл күні бірқатар жас мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады және оларға мемлекеттік қызметшілердің куәліктері табыс етілді. Аталған шараға "Ардагерлер ұйымының" республикалық қоғамдық бірлестігінің ШҚО филиалының мүшесі, мемлекеттік қызмет ардагері, әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Қурмангалиев Айтмухамбет Алмадиевич және ҚР мемлекеттік істері агенттігінің ШҚО бойынша аумақтық департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Кенчинбаев Болат Нурахметович қатысты.
Қадірлі ұландықтар! Біздің міндетіміз – Ата заңда бекітілген жалпыұлттық құндылықтарды құрметтеу және сақтау, солардың негізінде орнықты, құқықтық, әлеуметтік бай-қуатты мемлекет құру. Осы айтулы мерекеде Сіздерге бейбіт күн мен ашық аспан, бақыт және бақуаттылық, барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін!