
🔷 Ұлан ауданынына жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.К. Байахметов келді. Сапар барысында Қасым Қайсенов кентінің жылу қазандығының жылу маусымына дайындығымен атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты.
🔹 Атқарылып жатқан жұмыстар жоспарға сай жылу маусымына дейін берілген мерзімде тапсыруды қатаң бақылауға алынуын ескерді.
🔹 Сонымен қатар, Қасым Қайсенов кентінің емхана құрылысы, Мәдениет және демалыс орталығы құрылысымен, Таврия ауылындағы жылу қазандығының құрылысы жұмыстарымен танысып, Герасимовка ауылындағы «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша салынып жатқан үйлерді аралады.
🔹 Барлық жұмыстар жоспарлы мерзімде жүргізілуде.