
Жұмыс сапармен Ұлан аудандық мәслихатының төрағасы Г.Н. Калиевамен бірге Айыртау ауылдық округі Жаңа Қанай ауылындағы 120 орындық әкімшілік ғимаратының құрылыс жұмыстарымен және де Айыртау ауылындағы дәрігерлік амбулатория мен Егінсу ауылдық округі Ұлан ауылының ауылдық клубының жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен таныстым. Сондай-ақ, Айыртау ауылдық клубы, денешынықтыру-сауықтыру кешенімен танысып, «Қ. Құдагельдинов атындағы орта мектебі» КММ-де болып қайттым.
Сапар барысында дәрігерлік амбулаторияның терезелерінің көлемі сәкес келмеуі т.б. бірнеше ақауларды ескеріп, жұмысты жеделдету. Мектеп ғимаратының жөндеу жұмыстары жүргізлімегенін ескертіліп, жылу қазандығының жөндеу, қысқыға дайындығын тездету тапрсырылды.
Ұлан ауылындағы ауылдық клубының жалпы жөндеу жұмыстары қанағаттанарлық, жөндеу жұмыстарын жеделдету керектігі ескертілді.
Аталған мәселелерді шешу үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырма беріліп, аудан әкімінің орынбасары Қ.Б. Оқасов бақылауға алуы жүктелді.