Төлеген Тоқтаров ауылдық округіне қарасты Герасимовка ауылындағы «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша көп балалы аналарға және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына арналып салынып жатқан үйлерді араладым. Тұрғын үйлерді тексеру барысында «Батырхан-Сұлтан ЛТД» ЖШС мердігер ұйымының басшысына ескертулерді жойып, құрылыс жұмыстарын барлық нормаларын сақтай отырып, оффтейк шартына сәйкес аяқтау тапсырылды.
«Стройдомсервис» ЖШС мердігер ұйым өкілінің айтуынша, қыркүйек айының соңына дейін дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуы тиіс, оған «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен 132 млн теңге бөлінген.