«Жомарт жүрек» конкурсы

«Жомарт жүрек» конкурсы

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республика көлемінде «Жомарт жүрек» конкурсы ұйымдастырылады.

Конкурстың мақсаты: - туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауға өңір тумаларын тарту;

  • әлеуметтік бастамаларды іске асырудың оң тәжірибесін тарату;
  • ең жарқын және маңызды қоғамдық бастамалардың оң тәжірибесін жергілікті және республикалық деңгейлерде іске асыру үшін жинақтау және тарату;
  • қоғамдық пайдалы қызметке азаматтардың тартылу деңгейін арттыру;
  • білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, коммуналдық шаруашылық және басқа да салалардағы әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру.

Олар:

  1. «Жыл меценаты» - ол туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырушы, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмек көрсетуші;
  2. «Туған өлке» - елді мекендерді абаттандыруға бағытталған жобаларды іске асыру, саябақтар, аллеялар, ескерткіштер, балалар ойын алаңдарының құрылысы мен оны қайта жаңғырту жұмыстары, денсаулық сақтау, мәдениет, білім және спорт саласында демеушілік қолдау көрсету;
  3. «Жыл тұлғасы» - әртүрлі бағыттағы кең көлемді қайырымдылығы және азаматтық белсендігі үшін (тек жеке тұлғаларға көрсетілген көмектер);
  4. «Жылдың үздік ұйымы» - маңызды әлеуметтік жобаларды, акцияларды жүзеге асырушы, қоғамдық маңызды іс-шараларда бас демеуші немесе қайырымдылық шараларының жаңа үлгісін көрсетуші (тек заңды тұлғалар үшін);
  5. «Ерен еріктілік» - еріктілік жұмыстарындағы асқан белсенділігі үшін.

Конкурсқа қатысу үшін қажет құжаттар тізбесі:

Жеке тұлғалар үшін:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Қатысушының фото суреті (3 х 4 JPEG форматы);
  3. Қатысушының өмірбаяны;
  4. Жеке бас куәлігінің көшірмесі;
  5. Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызды іс-әрекеттері туралы ақпарат;
  6. Әлеуметтік маңызды іс-әрекеттерін растайтын құжаттар көшірмелері (алғыс хаттар, БАҚ материалдар, нысандар фотосуреті, басқа да материалдар)

Заңды тұлғалар үшін:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;
  3. Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызды іс-әрекеттері туралы ақпарат;
  4. Әлеуметтік маңызды іс-әрекеттерін растайтын құжаттар көшірмелері (алғыс хаттар, БАҚ материалдар, нысандар фотосуреті, басқа да материалдар)

Марапаттау 3 кезеңде өтеді: аудандық кезең 1-шілдеден 15- тамызға дейін, облыстық кезең 1-қыркүйектен 15-қазанға дейін және республикалық кезең 1- қарашадан 15- желтоқсанға дейін.

Конкурстың өтетін мерзімі, уақыты: 14 тамыз 2020 жыл., сағат 11.00.

Өтетін жері: Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, Ұлан ауданының әкімдігі, Абай алаңы № 5 үй.

Қатысушылардың құжаттары электронды түрде 2020 жылдың 10 тамызына дейін мына электрондық мекен-жайда ovpulan@mail.ru қабылданады.

Барлық сұрақтар бойынша: 8/723-38/ 28-049, 27-115, 27-955 телефондары арқылы хабарласып білуге болады.

Ұйымдастырушылар: ішкі саясат бөлімі; ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі.