Қауіпсіз демалыс!

Қауіпсіз демалыс!

2020 жылдың басынан Шығыс Қазақстан облысының аумағына 28 адамның суға кету оқиғалары тіркелді, соның 16-сы суға түсу маусымы кезінде, оның 6-ы 17 жасқа толмаған балалар. 18-19 шілде демалыс күндері ішінде ғана облыс аумағында 4 адам суға кетті.

Статистикалық мәліметтер судағы оқыс оқиғалар көбінесе адамдардың өздерінің кінәларынан болатындығын, яғни өзіне деген артық сенімділік, өзінің күшін артық бағалау, судағы қауіпсіздік ережелеріне көңіл бөлмеу, суға түсуге тиым салынған және таныс емес орындарда суға түсуден, суға алкогольдік ішімдіктер ішіп түсуден орын алатындығын көрсетіп отыр.

Су айдындарында адамдардың өлімінің орын алуына негізгі себептер төмендегідей: суға жүзе білмеуден, өзінің күшін асыра бағалаудан-5 адам, балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыру-6 адам., алкогольдік ішімдіктен мас күйде суға түсу- 5 адам. Барлық оқыс оқиғалар суға түсуге арналып жабдықталмаған орындарда орын алып отыр. Суға бату оқиғаларының 75 %  (12 адам) табиғи су айдындарында (өзендерде-8, көлдерде-4), 25 % (4 адам жасанды су айдындарында) орын алды.

Талдау жұмыстарының нәтижесі суға бату оқиғалары негізінен маусым айында (13 адам) және сенбі, жексенбі күндері-ауа температурасының қатты жоғарлауы кезінде адамдардың демалу уақытында орын алатындығын көрсетті.

Құрметті ауданының қонақтары мен тұрғындары, Ұлан ауданының төтенше жағдайлар бөлімі аудан аумағында орналасқан су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен адам өлімінің алдын-алу мақсатында Сіздерден суға түсу кезінде төмендегідей қарапайым ережелерді сақтауларыңызды сұрайды:

  • Суға түсуге арналып жабдықталған орындарда ғана суға түсіңіз;
  • Ағынды суларда жүзбеңіз;
  • Суда жүзуді білмейтін тұлғалар тек қана арнайы жабдықталған орында тереңдігі 1,2 метрден аспайтын орындарда суға түсуге болады;
  • Таяз сулардың өзінде балалардың ойындарын бақылаңыз, өйткені олар ойын уақытында суға құлап, тұншығуы мүмкін.Суда болғанда бірін-бірі қуалап ойнауға болмайды, өйткені ойынсерігіңіз ауаның орнына сумен тыныс алады да есінен танып құлайды. Балаларды тек үлкендердің бақылауымен ғана суға жүзуге үйрету керек.
  • Өзіңізге бейтаныс орындада суға сүңгімеңіз;

6) Суға мас күйде түспеңіз. Есіңізде болсын: мас күйде суға түсу қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар, ауданның аумағында су айдындарына жақын орналасқан аумақтарда тұрғындардың абайсызда от шығарып алуынан 23 құрғақ шөптің жану оқиғалары орын алғанын, жанулардың көбі Таврия ауылдық округі «Окуньки» демалыс базасына жақын орналасқан учаскілерде тіркелгенін айта кеткіміз келеді.

Құрметті аудан тұрғындары! Сіздердің жазғы демалыстарыңыз оқыс оқиғаларсыз өту үшін Сіздерден суға түсу кезіндегі қауіпсіздік шаралары мен өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауларыңызды сұраймыз.

Ұлан ауданының ТЖБ