Азовое ауылдық округі бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары бойынша баяндама
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 2023 жылғы 9 маусымдағы № 27 шешімі:
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңының 8, 13 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ұлан ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Азовое ауылдық округі Ұлан ауданының солтүстік-батыс бөлігінде Ертіс өзені мен Шүлбі су қоймасының сол жағалауын бойлай, таулы-дала, құрғақ дала аймағында орналасқан. Таулы-дала аймағы таулы шалғынды-дала, тау алды далалық орташа ылғалды және далалық орташа құрғақ кіші аймақтарға бөлінеді.
Әкімшілік орталығы Ново-Азовое ауылы аудан орталығы Қасым Қайсенов кентінен солтүстік-батысқа қарай 67,5 кмжерде орналасқан.
Ауылдық округ аумағына әкімшілік-аумақтық бөлінуі бойынша 3 ауылдық елді-мекендер бар: - Ново-Азовое ауылы, Азовое ауылы, Бетқұдық ауылы.
Азовое ауылдық округі 57005,2 гектар алаңды алып жатыр, оның ішінде: егістік – 11143,0 гектар, жайылым – 38105,2 гектар, шабындық – 1759,4 гектар.
Жер санаттары бойынша:
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер- 51399,2 га, елді мекендердің жерлері- 5606 га, босалқы жерлер - 4194 гектардан құралады.
2024 жылдың 1 қаңтарына Азовое ауылдық округінде ауыл шаруашылығы малдарының саны: ірі қара мал 1384 бас, оның ішінде аналық мал 722 бас, ұсақ мал 1846 бас, жылқы 701 бас.
Округте ауыл шаруашылық жануарлары мен құстарына ветеринарлық қызмет көрсету үшін 1 – ветеринарлық пункт, 1 – мал қорымы ұйымдастырылған.
Ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз ету үшін Азовое ауылдық округі бойынша 38105,2 гектар жайылым жерлер бар, елді мекендер шегінде 4979 гектар жайылым бар.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңының 15-бабына сәйкес, Азовое ауылдық округі жергілікті халқының мұқтаждығы үшін ауыл шаруашылығы малдарының аналық (сауын) мал басын ұстау бойынша елді мекеннің жайылымдық алқаптарында 4979 гектар бар, артығы 943 гектарды құрайды. Азовое ауылдық округінің жергілікті тұрғындарының малын жаю үшін 4979 гектар берілді.
ЖШС, шаруа және фермер қожалықтарының жайылым алаңы 33126,2 гектар құрайды, соның негізінде Азовое ауылдық округі бойынша жайылымдардың жетіспеушілігі жоқ.
Табиғи шабындықтар мен жайылымдар ҚР-ның мал шаруашылығының жем-шөп балансында жетекші орын алады. Алайда бір жағынан жем-шөп алқаптарын көп жылдық қарқынды пайдалану, екінші жағынан, күтім шараларының болмауы олардың пайдалы алаңының күрт төмендеуіне әкелді, бұл өз кезегінде мал шаруашылығының өсуіне айтарлықтай кедергі келтіреді.
Мал жаю барысында жайылымдарды нашарлатпау үшін малдың оңтайлы жүктемесінен асырмау, маусым ішінде және жылдар бойынша жайылымдарды пайдалану мерзімдері мен жиілігін сақтау және ауыстыру, сонымен қатар мұның бәрі жайылымдарды күту және жақсарту жөніндегі ісшаралармен үйлестірілу қажет.
Сондықтан жайылымдық айналым жүйесіндегі табиғи жайылымдардың территориясын дұрыс орналастыру мал шаруашылығымен айналысатын барлық шаруашылықтарда кең таралуы керек.
Сыбайлас жемқорлық фактісіне тап болған жағдайда азаматтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 бірыңғай Call-орталығына жүгіне алады.
Азовое ауылдық округінің әкімі Б. Бутышев