Сыбайлас жемқорлық - ғасыр індеті

Сыбайлас жемқорлық - ғасыр індеті

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына  кесірін тигізетін ғасыр індеті. Бұл індетпен ел болып бірігіп күресе отырып тоқтау қоймаса мемлекеттің  тұрақты өсіп-өркендеуіне өте үлкен кедергі келтіретіні анық.

Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін ең  алдымен халықтың құқықтық сауатсыздығын арттыру қажет. Сондықтан  құқықтық түсіндіру жұмысының сапасын арттыра отырып, баспасөз, әлеуметтік желі парақшалары арқылы тұрақты түсіндірме жұмыстарын жүргізудің маңызы зор.

Қазіргі таңда көптеген әлеуметтік мәселелер шешімін табуда. Қоғамдағы түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе, ол-сыбайлас жемқорлық болып отыр. Әрине елімізде осы мәселеге байланысты мемлекет тарапынан арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан түрлі жұмыстар да баршылық. Дегенмен, бұл мәселенің әлі де болса толық шешімі табылған жоқ.

Сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою үшін  ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда ғана адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді.

Қазіргі таңда  сыбайлас жемқорлықтың бір түрі қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану  етек алып кеткені белгілі. Бұл келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны жас ұрпақ тәрбиесіне зиян болатындығы бәрімізді алаңдатады. Сондықтан ең алдымен  жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізе отырып, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып жете түсінуіне және орындауына көмектесуіміз қажет.        

Кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керек. Әрине, қазіргі таңда жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Бұл келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып отыр. Дегенмен, бұл келеңсіздікті жою, оның етек алып жайылуына тосқауыл қою  әрбір азаматтың міндеті деп түсініп, әрбір азамат өз тарапынан көмек көрсетуі қажет.  Себебі біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы және адамгершілік міндеті деп білуіміз керек.

 

Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді

дамыту, дене шынықтыру және спорт

бөлімінің басшысы    Е. Сатыев