Оқыту семинар

Оқыту семинар

19 сәуірде құжаттық қамтамассыз ету және бақылау бөлімі мемлекеттік-құқтық бөлілмімен бірлесіп ауылдық округ әкімдерінің аппараттары және дербес бөлімдердің  жауапты мамандарымен, квазимемлекеттік сектор қызметкерлерімен  оқыту семинарын өткізді.

Семинар аясында, іс қағаздарды жүргізу, құқытық актілерді ресімдеу және келесу бойынша ұсыныстар берілді. Құқықтық актілер жобаларын әзірлеу сапасын, әдеби тіл нормаларының, заң терминологиясы мен заң техникасының сақталуын, қазақ және орыс тілдеріндегі  мәтіндердің теңтүпнұсқалығын әзірлеуші органдар қамтамасыз етуі тиістігін атап өтті.

Қатысушылар жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау, өтініштерді тіркеу, қарау мерзімдерін бақылау және есепке алу туралы өзекті ақпарат алып, «e-Otinish» ақпараттық жүйесінің практикалық дағдыларын алды.

Семинарға қатысушылар қойған сұрақтарына жауап және нормативтік-құқықтық актілерді тұрақты оқып түсінуі бойынша ұсыныстар алды.

 

 

Ұлан ауданы әкімінің аппараты