
2020 жылғы 17 маусым күні сағат 15-00-де аудандық мәслихаттың кезекті LХІV сессиясы өтті.
Сессияда келесі сұрақтар қаралды:
1) «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатына кандидат ұсыну туралы», –«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының фракция төрағасы А.Г. Бережной таныстырды.
2) «Ұлан ауданы мәслихатының 2016 жылғы 18 наурыздағы № 316 «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы»;
3) «Ұлан ауданы мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 67
««Ұлан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәліктерін беру қағидасы мен оның сипаттамасын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы»;
4) «Ұлан ауданы мәслихатының 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 133«Сот шешімімен Ұлан ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешімінің қолданылуы 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылу туралы»;
5) «Ұлан ауданының тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы»;
6) «Ұлан аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 267 «Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
7) «Ұлан аудандық мәслихатының 2017 жылғы 11 мамырдағы № 100 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» шешімге өзгерістер енгізу туралы»;
8) «Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы туралы», аудандық мәслихат хатшысы О. Сыдыков таныстырды.
Сұрақтар шешімдерінің жобасын депутаттар бірауыздан қолдады.
Кезекты сессияға 9 депутат қатыстып, ол 75 пайызды құрады.
Сессияға аудан әкімі Н. А. Сақтағанов, аудан әкімінің орынбасары Л. К. Кенжетаева, аудан әкімі аппаратының басшысы Б. О. Мамырбаев, дербес бөлімінің басшылары қатысты.
Аппарат басшысы Р. Кизатов