Ұлан ауданының 2024 жылғы қаңтар-ақпанға
әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Шығыс Қазақстан облысында Ұлан ауданы 9,63 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2024 жылдың 1 ақпанына ауданның халық саны – 33 595 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 16 ауылдық округ, 45 елді мекен бар.
ӨНЕРКӘСІП.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2024 жылдың қаңтар-ақпан айында нақты бағада 11 141,4 млн. теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 101,9 % құрады. Тау-кен өнеркәсібі көлемінің көрсеткіштері- 104,8 %, өндіріс өнеркәсібі- 102,7 %, азық түлік өнімдерін өндіру- 102,3 % құрады.
2024 жылдың қаңтар-ақпан айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 1 721,1 млн. теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 5,1 % азайды. Тұрғын үйді енгізу 5,4 % артты өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.
2024 жылдың қаңтар-ақпан айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 13 616,3 тонна (2023 жылдың сәйкес кезеңіне 101,3 %-ды) құрады.
6 850,6 тонна (103,3 %) - сүт өндірісі.
283,1 мың дана (105,9 %) - жұмыртқа
2024 жылдың 1 наурызына Ірі қара мал саны 6,7 % азайып, сиырдың басы 4,1 % кеміді, қой мен ешкі саны 7,8 % азайды, шошқа 12,7 % артып, жылқы басы 0,8 % ұлғайды және құс басы 5,9 % ұлғайды.
2024 жылдың ақпан айында орташа еңбек ақы мөлшері 302 722 теңгені құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,3 %-ға ұлғайды.
Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 0,8 % ұлғайды, жұмыс істейтіндер өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 1,4 % артты.
Ең төменгі күнкөріс мөлшері Ұлан ауданы бойынша 2024 жылдың ақпан айында 51 578 теңгені құрады.
2024 жылдың ақпан айындағы тұтыну бағасының көрсеткіштері ШҚО бойынша 101,1 % мөлшерін құрады.