
Азаматтық қорғаныс сигналдарын, төтенше жағдайларды, ескерту және жұртшылықты хабардар ету кезінде халықтың әрекеттері.
Қазіргі уақытта әлемде және біздің елімізде көптеген табиғи апаттар тіркеліп жатыр, олардың салдары адамдардың өліміне, тіршілікпен қамтамасыз ету обьектілерінің бұзылуына алып келеді. Табиғи апаттардың немесе авариялардың салдарларын уақтылы ескерту алған кезде болдырмауға немесе азайтуға болады. Осы мақсаттар үшін азаматтық қорғаныс сигналдары қолданылады.
«Барлық назарына!» белгісі бүкіл халыққа табиғи апаттар, авариялар және жаудың шабуылы қаупі туралы назарын аудару үшін беріледі. Сигналдар сиреналарды, үзіліссіз дыбыстар түрінде немесе көліктерде және басқа да, соның ішінде мемлекеттік қызмет пен жол полициясының автокөліктерде орнатылған құралдарды дауыс зорайтқыштармен көмегімен қосу жолымен беріледі.
Халықтың іс-әрекеттері: сиренаның және басқа сигналдық құралдардың дыбысын естігеннен кейін, радио, теледидарды дереу қосыңыз және Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының іс-қимыл тәртібі туралы хабарын тыңдаңыз. Алған хабарлама туралы ақпараты көршілеріңізге жіберіңіз, содан кейін халықтың әрекеттері туралы алынған ақпаратқа сәйкес әрекет етіңіз.
2024 жылы 23 ақпанда «Сейсимкалық» жаттығу өткізу аясында Ұлан ауданы Қ.Қайсенов кенті сағат 12:00-ден бастап телерадиоларды ұстап қалумен және электр сиреналарды іске қосумен құлақтандыру жүйесін техникалық тексеру жүргізіледі.