
«Атқыш» мамандығын алыңыз
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы ҚР Заңының 12 – бабына сәйкес Ұлан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскери техникалық мектепке үміткерлерді іріктеу жүргізілуде. Жасы 24-27 жас аралығындағы және денсаулығы бойынша әскери қызметке жарамды болуы тиіс. Мерзімді әскерге шақырудан заңды түрде кейінге қалтырылған азаматтар шақырылады. Соттылығы болған және қылмыстық іске тартылған азаматтарды тексеру іс – шаралары бойынша қабылдап, ал денсаулығы жағынан жарамсыздарқабылданбайды. Оқудың төртінші ағымы 2020 жылдың 22 шілдесінен 30 тамызына жоспарлануда. Үміткерлерге жатар орыны, 3 уақыт тамақтану қамтамасыз етіледі.
Оқу мерзімі 40 күн, «Атқыш мамандығы» бойынша. Оқу ақысы – 263 318 теңге. Мекенжайы: Өскемен қ., Гостелла к.3а. Үміткерлерді іріктеу ай сайын жүргізіледі.
Барлық сұрақтар бойынша Ұлан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуге немесе хабарласуға болады. Байланыс телефоны: 8 (72338) 27-548.
Ұлан ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы майор Д. Дюсембаев