
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін айтады.
Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, жас мемлекетімізге орасан зор нұқсан келтіріп отырған қоғамдық проблема.
Осы бағытта сыбайлас жемқорлықтың кедергі болуын болдырмау мақсатында қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, түбегейлі жою үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қажет.
Осы мақсатта біздің жұмысымдағы негізгі бағыттардың бірі – мемлекеттік қызметшілермен жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты шаралар өткізу, жемқорлық көріністерін туғызатын себептер мен жағдайлардың алдын алып, оларды жою, сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы жүргізілетін шаралардың жариялылығы мен ашықтығын үйлестіру болып отыр.
Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу де аса маңызды. Азаматтардың сауалдарын, шағымдарын, ұсыныстарын тыңдау үшін тұрақты негізде жеке қабылдау ұйымдастырылады, кез-келген азаматтың мемлекеттік қызметкермен тікелей жүздесіп, көкейіндегі сауалға жауап алуға мүмкіндігі бар. Тұрғындар үшін мемлекеттік қызметшілердің тарапынан орын алған сыбайлас жемқорлық көріністерін тиісті органдарға дер кезінде хабарлауды оңтайлы ету үшін барлық жағдайлар жасалған.
Жалпы алғанда, елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша қажетті барлық шаралар қабылданып жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру әрбір қазақстандықтың белсеңді азаматтық позициясына айналуы тиіс. Ол үшін әрбір азамат жемқорлықты еліміздің болашағы үшін қауіпті әлеуметтік құбылыс деп тануы қажет.
Мемлекеттік қызметкер ретінде еліміздің өркендеуіне, экономикалық тұрғыда дамуына, халықтың әл-ауқатының жақсаруына қосатын үлесіміздің үлкен болғанын қалаймын.
Ұлан ауданының әкімі Д. Рахметқалиев