
2020 жылдың басынан Ұлан ауданының аумағында 33 өрт болды, оның ішінде 27-і тұрғын үй секторында, 1-і көлік құралдары және тағы басқалар. Өрттен басқа 131 өрт оқиғасы бар, оның ішінде 84 дала, 37 қоқыс жануы және 10 басқалары.
Қоқыстарды өртеу қандай қауіп төндіреді?
Тұрғын үй секторын патрульдеу кезінде қоқысты өртеу анықталған жағдайда Бөлім қызметкерлері ҚР ӘҚБтК 336-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасайды.
336-бап. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қоймалау және жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Орманда от жаққан үшін не болатынын сіз білесіз бе?
Орман шаруашылығын патрульдеу кезінде алауды байқаған жағдайда Ұлан ауданының ТЖБ қызметкерлері орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау қызметкерлерімен бірлесіп ҚР ӘҚБтК 367-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасайды.
367-бап. Ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптарын және санитарлық ережелерді бұзу.
С. 1. Жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
б2. Өрттің туындауына, адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекет, егер бұл іс – әрекет ірі залал келтірмесе, – Жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
б3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған іс – әрекеттер, – жеке тұлғаларға – жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады
Қай жағдайда құрғақ шөп жағуға және от жағуға рұқсат етіледі
Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес от жағу, қалдықтар мен ыдыстарды жағу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 м қашықтықта жүзеге асырылады.
Осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген орындарда қалдықтар мен ыдыстарды жағу қызмет көрсетуші персоналдың бақылауымен жүргізіледі.
Жанып жатқан көмірді (мангала, барбекю, гриль) орналастыруға арналған арнайы құрылғылар орнатуға жол берілмейді.):
1) құрғақ өсімдіктері бар жерлерде;
2) ағаштардың ұшарбасы астында;
Бүгінгі күні бөлім қызметкерлері 9 әкімшілік хаттама толтырды.
Ұлан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі