
Ұлан ауданы Ново-Азовое ауылының атауын өзгерту бойынша 2024 жылдың 5 ақпаны күні сағат 10.00-де Ново-Азовое ауылындағы Азовое орта мектебінің акт залында халықтың пікірін ескеру бойынша жергілікті қауымдастық жиналысы өтті. Жиналысқа барлығы 144 тұрғын қатысты.
Жиналыс барысында Ново-Азовое ауылын «Долағайлы» ауылы атауымен қайта атау туралы ұсынысты қолдағандар саны-55,5 %; қарсы болғандар саны- жоқ; қалыс қалғандар -44,4 % болды.
Жиналысқа қатысушылар тарапынан Ново-Азовое ауылының атауын «Долағайлы ауылы» деп қайта атау бойынша ұсыныс көпшілік дауысымен 55,5 % қолдау тапты.
Аталған осы қолдау тапқан ұсыныс қорытынды шешім шығару үшін тиісті органдарға жолдау туралы шешім шығарылды.