
Құрметті Ұлан ауданының тұрғындары!
Сіздерді 2024 жылғы 7 ақпанда Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентіндегі мәдениет үйінің ғимаратында (З.Ахметов көшесі, 26/1 мекен-жайы бойынша) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында өтетін мемлекеттік мекемелердің өкілдері мен заңгерлер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер өткізетін азаматтарды қабылдауына шақырамыз. Аталған акцияның мақсаты – азаматтарды қабылдау өткізе отырып, жеке мәселелері бойынша құқықтық консультация беру, сол арқылы қоғамның құқықтық мәдениет деңгейін арттыру. Қабылдауды ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, Прокуратураның, Облыстық сотының, Полиция Департаментінің, Мемлекеттік кірістер Департаментінің, денсаулық сақтау басқармасының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, ауыл шаруашылығы басқармасының, жер қатынастары басқармасының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері және ШҚО заңгерлер палатасының заңгерлері өткізеді.