Аудындық кеңес өткізілді

Аудындық кеңес өткізілді

2024 жылдың 12 қантар күні Ұлан ауданының әкімінің орынбасары Қуат
Барысұлы Оқасовтың төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу
және жою комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Аудандық төтенше
жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының мүшелері және ұйымдардың
басшылары қатысты.

Күн тәртібінде «Су тасқыны қауіпті кезеңіне дайындығын, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлардан болатын залалды азайтуға бағытталған алдын-алу іс-шараларын жүргізу туралы», «Халықты ЖҚҚ қамтамасыз ету жағдайы туралы», «Өндірісінде қауіпті КӘУЗ пайдаланатын обьектілердегі қондырғыларды қауіпсіз қондырғыларға ауыстыру туралы», «Қауіпті жұқпалы аурулар (адамдар және жануарлар)», «Ауданның құлақтандыру жүйесінің мәселелері», «Аудандық командалық-штабтық, кешенді оқу-жаттығуларды, штабтық жаттығуларды
ұйымдастыру және өткізу бойынша» сұрақтар қарасытырылды. Баяндамамен Ұлан ауданы ТЖБ бастығы А. Ш. Бидахметов, Ұлан ауданының ауылдық және кенттік округтерінің әкімдері сөз сөйледі.

Ұлан ауданы ТЖБ бас маманы
азаматтық қорғау капитаны Е. Қадірбеков