
Облыстың спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін зерделеу және анықтау мақсатында ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өңірдің Дене шынықтыру және спорт басқармасының 2020-2023 жылдардағы қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
Еңбекақы төлеу қоры;
Спорттық жабдықтарды сатып алу;
Оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарын ұйымдастыру;
Спорт клубтары мен федерацияны қаржыландыру.
Көрсетілген мәселеге қатысты ақпарат, шағымдарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, analiz-vko@mail.ru электрондық мекенжайына немесе 8 775 778 80 99 WhatsApp нөміріне жолдай аласыздар.
Құрметті облыс тұрғындары, осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін әркімнің пікірі маңызды. Сондықтан, шетте қалмауды және азаматтық ұстаным танытуларыңызды сұраймыз.