
Ағымды жылдың 13 желтоқсанында құжаттық қамтамассыз ету және
бақылау бөлімі ауылдық округ әкімдерінің аппараттары және дербес
бөлімдердің жауапты мамандарымен оқыту семинарын өткізді.
Семинар аясында, 2023 жылғы жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау және жергілікті атқарушы органдардың қызметінің
тиімділігін бағалау қорытындалары мәлімденді.
Қатысушылар жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау,
өтініштерді тіркеу, қарау мерзімдерін бақылау және есепке алу туралы өзекті
ақпарат алып, Qlik ақпараттық сервисінің жұмысымен таныстырылды.
Семинарға қатысушылар қойған сұрақтарына жауап және нормативтік-
құқықтық актілерді тұрақты оқып түсінуі бойынша ұсыныстар алды.
Ұлан ауданы әкімінің аппараты