
Сабитов Алмас Сарсенбаевич 1991 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін алған жылы туылған.2016 жылы наурыз айынан бастап азаматтық қорғау саласында жүргізуші-қызметкер болып қызметке тағайындалған. Алмас –Қасым Қайсенов кенті №10 өрт сөндіру бөлімінде ең кәсіби, тәжірибелі және мықты жүргізушілердің бірі.Өрт сөндіруші автокөліктің жүргізушінің кәсібилігі-өртті өшіру кезінде өте үлкен рөл ойнайды.
Ұжымда сыйлы, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде болсын, тұрмыста болсын қиын кезде жолдастарына қол ұшын беруге әрдайым дайын. Дене-күш дайындығы жетілген. Бөлім техникасына техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге белсене қатысады және жас жүргізуші –қызметкерлерге тәлімгерлік болады. Алмас Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі сияқты өзінің біліктілігін күннен-күнге нығайтады.
Ұлан ауданының ТЖБ