
Азаматтық қарудың айналымының құқықтық қатынас байланысы 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Жекеленген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау» туралы заңына сәйкес жүргізіледі, жергілікті мекенжайы бойынша азаматтар қару алу үшін ішкі істер бөлімі рұқсат қағазын береді, берілген рұқсат қағазымен азамат қару алады және жеті күннің ішінде ішкі істер бөліміне тіркейді, егер қару алынбаса рұқсат қағазды тапсыру керек.
Сатып алған қаруды азамат оның сақталуына, алып жүруіне және қолданылуына өзінің жауапкершілігіне алады, сонымен қатар қарудың жоғалуына, ұрлауына жол бермейді, сондықтан да қару жергілікті мекенжайы бойынша темір сейфте ішкі құлыппен бекітіліп, сақталуы тиіс, жақын туыстарыңыз қаруға жақындаушылық болмауына байланысты сейфтің кілті жасырын жерде немесе өзімен бірге болуы тиіс.
Барлық қару иелері ішкі істер бөлімінде есепте тұрады және полиция қызметкерлері қару иелерін жергілікті мекенжайы бойынша тексеріп, қарудың дұрыс сақталуына бақылау жүргізеді. Қарудың сақталуы, алып жүруі бойынша тәртіп бұзылған жағдайда қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады және әкімшілік айыппұл салынады, сонымен қатар жыл көлемінде екі рет қару айналымы бойынша, спирттік ішімдікті қолдану бойынша, отбасылық жанжал бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылса, ішкі істер бөлімі қаруды тәркілеп алып, рұқсат қағаздың күшін жоюға құқығы бар.
Қару иелері тұрғылықты үйінен ұзақ уақытқа іс-сапарға, демалысқа, емделуге, оқуға немесе саяжайларға кеткенде, қаруды полиция бөліміне уақытша сақтауға қалдыруға болады. Бірақ Ұлан ауданы ПБ үй ұрлығын алдын алу мақсатында дабыл түймесін (GSM) орнатуды ұсынады, яғни ұялы телефонға СМС келеди немесе күзет агенттігімен келісімшартқа отыруға болады.
Ұлан ауданы ПБ ӘПБ азаматтық және қызметтік қару айналымының бақылау тобының аға инспекторы
полиция майоры А. Кузембаев