Тарихи атаулар туралы

Тарихи атаулар туралы

Ежелгі заманнан бері адамдар елді мекендерге, өзендерге, тауларға, далаларға, тіпті көпірлерге ат қойды. Бұл атаулар белгілі бір оқиғалармен, жердің кейбір ерекше белгілерімен немесе жердің, сипаттамасымен байланысты болды.

Гагарино ауылы орналасқан аумақ бұрын мал жайылған жазғы жайылым (Жайлау) болған. Сол кезде олар бұл жерді Жартас жайлауы деп атады. Ал Калинин астық шаруашылығы совхозы, Гагарино атаулары кейінірек пайда болды. Бұл аумақтың тарихи атауы-Жартас екен. Сондықтан тарихи атауды қайтару дұрысырақ болады.

Атауды өзгерту процестері бүкіл Кеңес Одағы кеңістігінде жүргізілген. Бұл атауды өзгерту процесі тарихтың барлық бетбұрыс кезеңдерінде байқалады. Мысалы, патша және кеңес дәуірінде рельефтердің, далалардың, өзендердің және т.б. атаулары жүйелі түрде өзгертіліп, оның тарихы бір ғасырдан үш ғасырға дейін ескерілмей отырды.

Бұған біздің тарихшыларымыздың, өлкетанушыларымыздың, ғылыми қызметкерлеріміздің жүргізген зерттеулері дәлел бола алады. Сондықтан барлық тарихи атаулар құжатталған.

 Зерттеу нәтижесінде Семей қаласының мемлекеттік мұрағатынан ежелгі карталар табылып, бүгінде тарихи атаулар қалпына келтірілуде. Бұл картада Гагарино ауылы орналасқан мекен Жартас деп аталады.

Сондай-ақ, мемлекеттік мұрағатта 1910 жылғы 17 шілдедегі № 195  құжат табылды.  Бұл құжаттың атауы: «Қоныстанушылар орналасқан  елді мекендер  және Қырғыз кенттерінің барлық аумақтарын татар, неміс және басқа атаулармен емес, орыс атауларымен міндетті түрде атау туралы». Сондай-ақ, бұл құжатта аталған ауылдарға, далаларға, өзендерге, көлдерге оларды орыс атауларына өзгерту туралы талап қойылған.

Осы  орайда бір мәселеге назар салсаңыздар 18 ғасырдан бастап (1701-1800) 1924 жылға дейін орыс тіліндегі құжаттарда қазақтар қырғыздар деп аталды, дегенмен іс жүзінде қазақтар ешқашан өздерін осылай атаған емес. Ал қырғыздарды Қарақырғыз деп атаған.

Сондықтан, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Гагарино ауылы орналасқан  елді мекеннің бұрынғы аты «Жартас» болғаны туралы деректерді тауып, ұсыныс жасаушылардың пікірінде тарихи шындық бар.

Бұл атау тарихи атау. Соның дәлелі, ауыл маңындағы өзен «Жартас» деп аталады. Жергілікті тұрғындардың көпшілігі әлі күнге дейін  «Жартас ауылы» деп атайды.

Сонымен қатар, ашаршылық жылдарында аштыққа ұшыраған семейліктерді алып жүрген жолдағы елді мекендердің байырғы, қазақша атаулары туралы жазылып отырған Медеу Сәрсекенің «Семей қасіреті» кітабындағы, Жошыхан Қасимановтың қол жазбасындағы және Қапура Сенбаеваның естеліктеріндегі деректер және жерлес жазушымыз Кеңес Юсуптың 2006 жылғы облыстық «Дидар» газетінің 11-санында (04.02.2006ж) жариялаған «Ертістің арғы жағы, бергі жағы» атты мақаласындағы Өскемен қаласының маңындағы елді мекендердің қазақша атаулары туралы деректері де осыған дәлел.

Жазушы К. Юсупов бала кезінде атасы Қожа Сағындықұлының арбасына отырып, Тавриядан Өскемен қаласына келіп қайтқанын және атасының жолда кездескен елді мекендердің қазақша атауларын айтып бергенін естелік ретінде мысал келтіріп, атап жазған және кейбір атауларды ұмытып қалғанын, сондай-ақ, кейбір елді мекендердің бүгінде жоқ екенін де ескертіп кетеді. 

Осы келтірілген деректер Гагарино елді мекенінің бұрынғы қазақша атауы Жартас болғанын толық дәлелдейді. Ресми, жазба атауы сақталмаса да, жергілікті тұрғындар ол елді мекеннің ерекше белгісі ретінде аталған аумақта биік жартастардың болуын негіз етіп алған. Сондықтан Гагарино елді мекенін тарихи аты Жартас деп қайта атауға толық негіз бар.

 Сол секілді Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Казачье ауылы орналасқан  елді мекеннің бұрынғы аты «Аршалы» болғаны туралы деректерді тауып, ұсыныс жасаушылардың пікірінде тарихи шындық бар. Бұл мекенде арша өсімдіге өте көп болған. Осығай байланысты Аршалы деп қойылған. Қазіргі уақытта арша өсімдігі жойылып кеткен. Осыған байланысты Аршалы деген атау тарихи атау болса да жергілікті тұрғындардың көпшілігі бұл ауылдың атауын «Бірлік» деп қайта атау туралы ұсынысты қолдап отыр.

Себебі, аталған елді мекен тұрғындарының басым көпшілігі облысымыздың түкпір-түкпірінен көшіп келген тұрғындар. Бүгінгі күні ауыл тұрғындары бірлігі жарасып, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде.

Осыған байланысты, ауыл тұрғындары бірлігіміз әрқашан осылай жарасымды қалпында жалғасын тапсын, болашақ ұрпаққа ауыл тұрғындарының ауызбіршілігі, бірлігі үлгі болсын, олар да ары қарай осылай тату-тәтті бірлікте өмір сүрсін деген ниетпен, ұлттық танымға жақын, елдігімізді, бірлігімізді айшықтайтын атаумен қайта атау туралы ұсыныс білдірді. 

Жергілікті тұрғындар ол елді мекен тұрғындарының бірлігін, татулығын  негіз етіп алған. Сондықтан Казачье елді мекенін «Бірлік» деп ұлттық танымға жақын атаумен қайта атауға толық негіз бар.