Мұз үстіндегі қауіпсіздік

Мұз үстіндегі қауіпсіздік

Бір адам үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы-7 см құрайды, жаяу өткел жасау
үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы-15 см және одан көп, автомобильдердің
өтуі үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы - 30 см кем емес.
Қайғылы оқиғалар болмауы үшін, мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін
сақтау қажет:
- қандай жағдай болмасын, қараңғы уақытта көріну нашар болған жағдайда
(тұман, жаңбыр, қар жауу)мұзға шығуға болмайды;
- өзен арқылы өту кезінде мұз өткелдерін пайдалану қажет;
- мұздың беріктігін аяқтың соққысымен тексеруге болмайды. Егер қатты
затпен немесе шаңғы таяқшасымен бірінші күшті соққыдан кейін аз болса да
су көрінсе, жүктеме үлкен алаңға бөлінуі үшін мұздан аяқты алмай және
оларды иық еніне қойып, тез арада өзінің ізімен жағаға қарай жүру керек;
 - су қоймасын мәжбүрлі түрде өту кезінде арылған соқпақтарды ұстану
немесе шаңғы арқылы жүру қауіпсіз;
- су айдынынан топпен өткен кезде бір-бірінен 5-6 метр қашықтықты сақтау
қажет.

  • Егер жағдай бақылаудан шығып кетсе, өрт сөндірушілер мен
    құтқарушыларға «101» немесе «112» телефоны бойынша хабарласу керек;
  • Ұлан ауданы ТЖБ-і