Балық аулаушыларға кеңес

Балық аулаушыларға кеңес

- Жолға шығарда, ауа-райы жағдайын, жол жүру үшін жолдардың ашық
болуын қадағалаңыз. Ол үшін «Darmen» мобильді қосымшасын жүктеңіз.
- Автокөлікті жағалауда қалдырыңыз.
- Жаяу жүргіншілер үшін мұздың қалыңдығы 7 см кем болмауы қажет
және мөлдір болуы керек.
- Мұз бетіне тәуліктің күндізгі уақытында ғана шығыңыз.
- Мұздың үстінен өсіп тұрған өсімдігі бар, бұлақ ағынды сулары
құйылатын жерлерден сақ болыңыз.
- Өзіңізбен бірге ұялы телефоныңызды, қосымша киім және
ұзындығы 12-15 метр арқан алып жүріңіз, оның бір жақ ұшына ілмек,
екіншісінде салмағы 400-500 грамм жүк, бір жағдайға ұшыраған кезде, оның ұшын лақтыру қажет, сонда сізді құтқара алады.
- Мұз бетінде 5-6 м интервалмен тізе бүгіп жүру қажет. Жағаға мұзға шыққан бағытпен қайта оралу қажет.
- Жүкті, мұз жарылған жағдайда одан тез босатылып шығуға болатындай ғана алу керек.
- Мұз бетінің шағын алаңында үлкен топтармен жиналмаңыз.
- Шектелген учаскеде көп шұңқыр бұрғыламаңыз, шұңқырлар арасындағы
арақашықтық 5-6 метрден аспауы қажет.
- Егер де мұз астына түсіп кетсеңіз, үрейне берілмеңіз.
- Алдымен мұз үстіне бір аяғыңызды? Сосын екіншісін шығарып алыңыз.
- Бүкіл денеңізбен мұз үстіне шыққаннан кейін, абайлап, қауіпсіз жерге жылжи беріңіз.
Жүзу құралдарын пайдалану кезінде тыйым салынады:
- Техникалық ақауы бар құралдарды пайдалану;
- Құтқару және су төгетін құралдарсыз жүзуге шығу;
- Жүзу құралдарын жегу;
- Мас күйінде жүзуге шығу;
-16 жасқа дейінгі балаларға үлкендерсіз жүзуге шығу;
- Жүзу құралының ернеуіне отыру, бір орнынан екінші орынға отыру;
- Жүзу құралдарын түнгі уақытта пайдалану.
ТЖ туында5ан кезде 112 немесе 101 нөмеріне қоңырау шалыңыз! Ұлан ауданының төтенше жағдайлар бөлімі