Астық дақылдарды сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері

Астық дақылдарды сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері

Ауыл шаруашылығы объектілеріндегі өрттер көптеген адамдардың
еңбектерін, яғни бірнеше жүздеген тонна дайындалған өнімдерді және
құрылыс объектілерін жояды.
Барлық астық өнімдерін сақтау, өңдеу орындарында өрт және жарылыс
қауіпін тудырушы ол астық дақылдарын кез-келген орын ауыстырған кезде,
яғни тиеу, түсіру, қоқысты шығару, астықты кептіру өңдеу, терең өңдеу
кезінде бөлінетін астық шаңы болып табылады.

-Астық сақтау қоймасының ішінде ауада астық шаңының қосындысы
белгілі бір концентрацияға жеткенде қуатты жарылыс заттарындай жойқын
күшке ие болады;

-Ауылшаруашылық өсімдіктерінің ішінде астық сусымалы материал
болып табылатындықтан, олар көп көлемде сақталған кезде немесе сақтау
кезінде технологиялық процестер бұзылған кезде –ылғалдылық, майлылық,
бункерлерді дұрыс тазаламау, сонымен қатар, әр түрлі дайын өнімдерді бірге
сақтау кезінде өздігінен қызып, ысыйды.
-Жоғарыда көрсетілгендей қызған материалдарды ұзақ уақыт сақтаса
астық сақтау орындарында көп астықтың жануы орын алады, ауаға
термиялық тотығу өнімдері бөлінеді, органикалық заттардың көміртегі
оксидінен, метанға, сутегіне дейін аналуы болады.
Сырттан ашық от кіргізілген кезде, немесе көп массадағы астықтың
жануынан шаңды қоспаның жарылуы болады, көбінесе ауқымды өрттердің
болуымен аяқталады.
Өрттердің негізгі ошақтары астықты сақтау, өндірістік өңдеу
орындарында төмендегідей себептерден өрт фактілері орын алады:
1) астықты сақтау технологиясының бұзылуы салдарынан астықтың
өздігінен жануы;
2) жанғыш шаңдардың жиналған орындарында темекі тұқылын
тастағаннан;
3) Электр өткізгіштерін монтаждау, пайдалану кезінде технологиялық,
жарықтандыру жабдықтарының бұзылуы, уақытша электр жүйелерінің
үзілуінен;
4) көлік магистралдарының подшивниктерінің қатты қызуынан,
кептелуінен, технологиялық жабдықтардың ескіруінен, ақаулығынан,
шектен тыс жүктемелерден;
5) найзағайдан соққысынан, жабдықтардың металл бөліктерінің бір-біріне
үйкелінен шыққан электр разрядтарының ұшқындарынан шаңдар көп
жиналған орындарда жарылыс немесе өрт пайда болуы мүмкін.

Ұлан ауданынң ТЖБ