«Адалдық сағаты»

«Адалдық сағаты»

2020 жылдың 18 мамырында Ұлан ауданының барлық 31 білім беру мекемелерінде онлайн форматта Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай, тақырыбы «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» ретінде айқындалған жалпыреспубликалық бірыңғай «Адалдық сағаттары» өткізілді.

Бейне-дәріс Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен әзірленген.

«Адалдық сағаты» іс шарасына барлығы 1441 білім алушылар қатысты. Олардың ішінде  9-11 сыныптың 817 оқушы ал студенттерден 624 адам қатысты.

«Адалдық сағатының» басты мақсаты жақсы біліммен қатар, әділдік, парасаттылық, сенім құндылықтарының маңызын түсіндіру. Жас ұрпақтың бойында адалдық пен әділдік, адамгершілік және отансүйгіштік қасиеттерін дамыту.

«Адалдық сағаты» өз еңбектері арқылы адалдықты мұра еткен Абай Құнанбайұлына арналды.

«Адалдық сағаты» арқылы өзгеге емес өзіне сенетін, өз несібесін адал еңбекпен табатын адамның ең ардақты саналатынын түсіндіріп, адал еңбекті мұра еткен Ұлы Абайдың даналық ойларын басшылыққа алуға шақырды.

Ұлан ауданының білім
бөлімінің басшысы К.Окасов