
Енді мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында электрондық шот-фактураларды тапсыру кезінде eGov mobile қосымшасында eGov QR сканерлеу арқылы қол қою мүмкіндігі бар.
Жаңа функция салық төлеушілерге esf.gov.kz сайтында электронды құжаттарға қол қоюға, сондай-ақ осы сайтта авторизациядан өтуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта бұл функция тек жеке тұлғалар үшін жұмыс істейді.
«Біз мемлекеттік қызметтерді ұсынатын eGov mobile мобильді қосымшасында eGov QR арқылы қол қоюға болатын мемлекеттік порталдар мен басқа сайттардың тізімін кеңейтіп жатырмыз. Қол қоюдың бұл баламалы әдісі электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін флэш-карталарда немесе басқа тасымалдағыштарда сақтамауға мүмкіндік береді, ол үшін eGov mobile мобильді қосымшасында тіркелу жеткілікті», - деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Жаңа мүмкіндіктерді пайдалану үшін eGov mobile мобильді пайдаланушылары:
Сұраныс сәтті өңделсе, ұялы телефон экранында «Қол қою сәтті аяқталды!» хабары көрсетіледі.
Аталмыш сервис ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер Комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ақпараттық жүйелерінің интеграциясы арқасында қолжетімді болды.