Қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін ескермеу қайғыға душар қылуы мүмкін!!!

Қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін ескермеу қайғыға душар қылуы мүмкін!!!

Барлық жеке тұрғын үйлердің, бақша үйлерінің, моншалардың иелеріне пеш жабдығына тексеру жүргізіп, өздеріңізді өрттен сақтауыңызды ұсынамыз.

Статистика бойынша пеш жабдығын  пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу өрттің пайда болуының кең тараған себептерінің ішінде 2-ші орында тұр.

Жылыту маусымы басталар алдында пеш пен мұржаны тазалау, жөндеу және әктеу, жарылған жерлерін бітеу қажет.

-Пеш жөндеу мен қалауды арнайы лицензия алған тұлғалар мен ұйымдарға ғана сеніп тапсыруға болады;

-пеш пен мұржаның ағаш шатыр немесе үйдің төбе жабынымен қосылған жерлері кірпішпен қаланып бөлінуі тиіс. Пеш қабырғасын қалыңдату да ұмытпаған жөн;

-Пеш  жағылып жатқанда қарауысыз немесе балалардың қарауына тастап кету аса қауіпті;

-Пеш жағу үшін жанғыш немесе тез тұтанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды.

-Кез-келген пештің өз іргетасы болуы және бір қабырғасымен ағаш құрылымдарға сүйеніп тұрмауы тиіс. Олардың арасында арақашықтық –бос жер қалдыру керек.

-Пеш жағар алдында ағаш еденге өлшемі кем дегенде 50 де 70 см темір қаңылтыр (пеш алдында) қағу қажет. Пештің тым қызып кетуіне жол бермеу үшін күніне екі-үш рет және бір жарым сағаттан аспайтын уақыт жағу керек.

-Отынды және басқа да жанғыш заттар мен материалдарды пеш алдындағы қаңылтырға қоюға болмайды.

-Өрт қауіпсіздігі талаптарына, стандарттар мен техникалық шарттарға сай келмейтін темір пештерді орнатуға болмайды., Зауытта дайындалған уақытша темір немесе басқа да пештерді орнату кезінде дайындаушы кәсіпорындардың нұсқаулары , сондай-ақ жылу жүйелеріне қойылатын жобалау нормаларының талаптары орындалуы тиіс.

Иіс газымен улану белгілері

-бастағы ауырлық сезімі

-тұншығу;

-құлақтағы шуыл;

Бас айналу;

Бастағы шуыл;

Жүрек айну, құсу;

Естен тану.

Иіс газымен улану кезіндегі алғашқы жәрдем

-Уланудың жеңіл түрі кезінде адамға қою тәтті шай ішкізу, жылытып, тыныштығын қамтамасыз ету;

-Естен тану немесе есінен ауысу кезінде тегіс жерге бір қырымен жатқызу, жағасының түймелерін, белбеуін ағыту, таза ауамен тыныс алуын қамтамасыз ету;

-1 см арақашықтықта мүсәтір спирті құйылған мақтаны иіскету керек. Жедел жәрдем бригадасын жедел шақыру қажет.

-Жүрегі соқпаған немесе тыныс алмаған жағдайда қолдан дем алдыру және жүрек тұсына массаж жасау керек.

 

Ұлан ауданының ТЖБ аға инженері

Азаматтық қорғау майоры Турарова М.К.