
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша «Ұлан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі
Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс;
Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң 2023 жылдың «23» қазаннан бастап 2023 жылдың «13» қараша аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі. Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің орналастыру схемасымен жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында, ауылдық округтердің және аудандық жер қатынастары бөлімінің ақпарат бұрыштарынан танысуға болады.
Толық ақпаратты Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, « Ұлан ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нен мына байланыс телефондары арқылы 872338(27-116) алуға болады.