2023 жылдың басынан қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде Ұлан ауданы аумағында электр қондырғыларын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 10 өрт фактілері орын алды. Өрттерден жалпы 4 млн 175 мың материалдық шығын келтірілді.
Өрт фактілерінің алдын-алу мақсатында аудан тұрғындарынан төмендегі өрт қауіпсіздік ержелерін сақтауларыңызды сұраймыз:
- үйден шығып бара жатқан мезгілде, барлық электр құралдардың сөндірілгеніне көз жеткізіңіз;
- Электр желісіне жарамсыз электр құралын қосуға тыйым салынады;
- Электр желісіне бір уақытта бірнеше қуатты электр құралдарын ( микроволновка, шәйнек, электр пеші және т.б) қосуға жол бермеңіз-бұл электр желісіне шамадан –тыс жүктемеге әкеп соғады;
- Ескі электр ұзартқышты пайдаланбаңыз. Электр сымдарын бұрау арқылы жалғауға болмайды.
- Электр сымдарын үнемі тексеріңіз!!! Жөндеу немесе монтаждау кезінде-кәсіби мамандар-электриктерді шақырыңыз!
- Электр жылытқыш құралдарды жанатын заттардың жанына жақын орналастырмаңыз;
- Электр құралдарын пайдалану кезінде оларды қолдану бойынша нұсқамамен мұқият танысыңыз.
Өрт фактісі орын алғанын анықтасаңыз 101 нөмерге хабарласыңыз.
Ұлан ауданының ТЖБ аға инженері
азаматтық қорғау майоры Турарова М.К.