
Ұлан ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің өткен кезеңдердегі болған өрт фактілеріне жасаған талдау жұмыстары қыс уақытында жеке тұрғын үйлерде өрттердің 70 % -ы жылыту пештерінің ақаулықтарынан орын алатынын анықтады. Көбінесе үйдің жанғыш конструкцияларының (жылыту пешіне жақын тұрғын қабырға еден, пештің мұржасы өтетін үйдің төбесі) пештің қызатын бөлігіне жақын орналасуынан болады. Күн қатты суық болған кезде тұрғындар шамадан –тыс отынды пайдаланып, жылыту пешін үздіксіз жағу кезінде пеш қатты қызып, жанында тұрған жанғыш конструкциялардың жануына әкеліп соғады және көбінесе өрттер түнгі уақытта адамдардың ұйықтап жатқан кездерінде орын алады. Аудан тұрғындарынан жылыту пешін қауіпсіз пайдалану және жылыту пешін қыста жылулық пен жайлылықтық көзі болуы үшін төмендегідей өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз:
-пештің қызатын бөлігі мен үйдің қабырғасы арасындағы өртке қарсы аралық 26 см, пештің мұржасы өтетін үйдің төбесінің жабынының жоғарғы және төменгі жабынның аралығы 7 см, үйдің шатырынан мұржаның өтетін жерінде 13 см, түтін мұржасының ішкі жағынан төбе жабынының жанғыш конструкциясына дейін 50 см өртке қарсы аралық болуы керек (яғни кірпіштер қалануы керек), түтін мұржасының шатыр ұшынан биіктігі 50 см кем емес етіп жасалынуы керек.
-пештің құдықтары, мұржалары түтіннен, ыстан тазалануы керек;
-пештің алдындағы жанатын конструкциялардан жасалған еденге ұзындығы 70 см, ені 50 см металл тақтайша орнатылуы керек;
Ұлан ауданының ТЖБ