
1-ші қыркүйек Білім күніне орай Ұлан ауданының ТЖБ және 10-шы Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері Қасым Қайсенов кентінде жаңадан ашылған орта мектепте оқушы балаларға өрт сөндіру техникасын және өрт сөндірушілердің арнайы киімдерін көрсетті. Ұлан ауданының ТЖБ қызметкері өрт қауіпсіздігі,жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер,көп қабатты үйлердің терезесінен балалардың құлауын болдырмау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді