Тұрғын уйдегі өрт қауіпсіздігі

Тұрғын уйдегі өрт қауіпсіздігі

Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.

Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.

Электр жүйелерін тексеріңіздер,- жарамсыз ба әлде жарамды ма. Егер жарамсыз болса электр жүйесін жақсы білетін адамды шақыруларыңыз керек. Өздеріңіз ешқандай өндіріс қорғау жұмыстарын жасамаңыздар.
Әрқашан электр құралдарымен қолданып болған соң, өшіруді ұмытпаңыздар!
Естеріңізде сақтаңыздар теледидар тез лаулап жанатын перделер мен перде ілгіш гардиндердің қасында және үй жылытатын құралдардың қасында тұрмауы керек.
Қабырға жиһаздарына теледидар, радиосөйлегіштер орнатып қоймаңыздар, бұл өте қауіпті.
Теледидардың үстін жаппаңыздар, корпустың вентиляциясына қауіп төндіреді.Қосулы тұрған теледидарды қараусыз қалдырмаңыздар, көрмесеңіздер тоқтан шығарып қойыңыздар. Егер теледидар күйген болса, өшіріп, сулы матамен жауып қойыңыздар.
Ал, күнделікті тұрмыстық құралдарға (үтік, электржылытқыш) келсек, естеріңізде сақтаңыздар: олар үзіліс сақтап жұмыс жасау керек.
Құрметті мырзалар!
Өздеріңіздің үйлеріңіздің электр жүйелерін, пештерін, шатырларын, үй асты подвалдарын – тағы да бір рет тексеріп шығыңыздар.
Дұрыс электр құрылымдарымен қолданыңыздар.
Дер кезінде істелінген шаралар сіздердің денсаулықтарыңызды және тыныштықтарыңызды сақтайды.

Аз қабатты тұрғын үйлерге демелу орындарды, ауыл аймақтарда, селоларда салынған бір-екі қабатты үйлер жатады. Бұл үйлер әртүрлі конструкциялы болады.
Кірпіштен, темірбетоннан салынған үйлерде өрт шығу қауіпі аздау. Ал ағаш үйлерде өрт шығу қауіпі жоғары.
Мұндай үйлерде жасырын өрт болмайды. Каркасты үйлер өртті үдетуге жағдайы жоғары. Өйткені құрылыс конструкцияларында бос орындар бар. Бос орындар өртену көлемін үлкейтеді. Аз қабатты үйлер әдетте шатырмен болады. Шатырдың конструкциялары ағаштан жасалады. Сондықтан шатырды өртенбейтін материалдардан жасау тиімді.
Аз қабатты үйлердің көбі пеш арқылы жылынады. Статистикалық мәліметі бойынша әр оныншы өрт аула құрылыстарының немесе немесе тұрғын үйдің пештері, түтін шығу жолдары дұрыс істелмеуден болады. Немесе пештің дұрыс жасалмауынан, пайдалануынан болады. Аз қабатты үйлердің ерекшелігі аула құрылыстары.
Бұл құрылыстарда неғұрлым өртенетін заттар пайдаланса, соғұрлым өрт қауіпі жоғары болады. Оның үстіне соңғы кезде жылу температурасы жоғары каминдер, моншалар салына бастады. Осы жайлардың бәрі өрт қауіпін күшейтеді.
Егерде тұрғын үйлерде су арқылы жылыту жүйесі өткізілсе, өрт қауіпі азаяды. 

Пеш өртінің суықтар түскенде жылыту маусымында көптеп келеді. Пәтер жалдаушылар және иелері жазғы маусымда жылыту құралдарының қолдануын және қолдану қауіпсіздігін жоғалта бастайды. Уақыт өте пеш құралы жарамсыз болады. Жылыту пештері бар тұрғын үйлерде және пәтерлерде өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуына және жылту құрылғыларына пешті пайдалануда ерекше назар аудару. Өрт жылту пешінің тым қатты жағуынан, кірпіш қалауында жарықтар пайда болуынан, немесе тез жанатын сұйық заттарды құйғаннан, Жану пешінен қызған күлдердің түсу салдарынан пайда болады. Қатты аяздарда және желді күндерде тұрғындар қосымша жылту құралдарын пайдалады; плиткалар, электржылтқыштар т.б. кейкезде жасанды құралдар қолданады. Осының бәрі өртке шалдықтырады. Өртте жиі адамдар өледі. Сондықтан өрт қауіпсіздік ережелерін қадағалау. Жылту маусымы басталарда әр азамат және мекемелер басшылары котельныйларды пештерін тексеріп ақауларын түзеп құралдармен қамтып жылту генераторлары және калориферлар құрылғылар мен жылту жүелерін тексереді.

Котельный және өзгеде жылушығаратын құрылғыларды қолданғанда мыналарға тыйымсалынады:

- арнайы дәріс алмаған және тиісті квалификациялық құжатты жоқ адамдарды жұмыс істеуге қатыстырмау;

- жанармай жіберетін жүеден сұйық жанармай ағыпжатқан, (газ шығару ) жылушығару құрылғыларды пайдаланып от жағу есік маңайында;

- жанармай сөнген фарсункаларда немесе газ ыдысында жанармай бермеу;

- алдынала үрлемеи құрылғыларды жандырмау;

- көмірмен жағатын котельный құрылғыларының мұржаларында ұшқын ұшырмайтын құрылғы орнатылған және күиеден тазаланған болу қажет.

Электржылыту құрылғыларын қолдану кезінде тыйым салынады:

- электр сымдары және кабельдарының изоляциясының көріну бұзылуы;

- розеткалармен қолдану, қосу рубильниктарымен, және бұзылған электрқондырғы зақымданған құралдармен қолдану;

- уақытша электрсымдарымен қолдану.

Пеш жылыту құралын пайдаланғанда тыйым салынады:

- жанып жатқан пешті қараусыз қалдыру, балаларға тапсырып кету;
- отынды жақын қою, өзгеде жанатын заттарды отжағатын есік маңында;
- пешті жағу үшін тез жанатын сұйық заттармен қолдану;
- көмір, кокс және газ пеште, аты аталған заттарды қолданбайтын пеште қолдануға тыйм салынады.

Егер сіз өртке куә болсаңыз 5 негізгі ережені ұстануыңыз қажетсіз:

- өрт көрсеңіз немесе жану жағдайына тап бола қалған жағдайда (түтін, иіс, жоғарғы температура) тезарада 101 телефоны өрт күзеті және 112 құтқару қызметіне телефон соғыңыз;

- өрт шыққан жердің объектінің мекенжайын, және тегіңізді атаңыз;

- адам өміріне қап төнсе оларды дереу құтқаруды ұйымдастырыңыз, бар күштермен құралдарды пайдаланыңыз;

- өрт сөндіру бөлімшелері келгенше өртті бірінші кезектегі құралдар (су, құм, қар, өртсөндіргіш, суланған маталар) пайдаланыңыз;

- кәрі адамдарды, балаларды, мүгедектерді, және ауру адамдарды өрт аумағынан әкетіңіздер.

Қандай да болмасын, отқа байланысты қауіп төніп тұрса өрт сөндіру қызметіне «101» номеріне телефон шалыңыздар. 

 

Ұлан ауданы төтенше жағдайлар бөлімі