Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар Департаментімен 222 авто жанар-жағар май құю және газ құю станциялары есепке алынған.
шағын және кіші кәсіпкерлік субьектілерін тексеруге мораторий енгізілу себебінен көптеген жанар-жағар май құю станцияларына өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша тексерулер жүргізілмей жатыр.
Алайда, профилактикалық бақылаулар жүргізу кезінде объектілерден апаттарға әкелуі мүмкін өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзушылықтары анықталады.
Ең жиі кездесетін бұзушылықтар объектінің ауласының құрғақ шөптерден тазаланбауы, алғашқы өрт сөндіру құралдарының жарамсыздығы, өрт қауіпсіздік белгілерінің жоқтығы, электр кабелдерінің және қондырғыларының ақаулықтары және т.б. болып табылады.
Ұлан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі автожанармай құю және автогаз құю станцияларының үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын және аумағын күтіп-ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін естеріңізге салады:
- Автожанармай құю (бұдан әрі – АЖҚС) және автогаз құю станцияларының (бұдан әрі – АГҚС) аумағы жанғыш қоқыстан, құрғақ шөптен, жапырақтардан, мамықтан және төгілген мұнай өнімдерінен тазартылады;
- Автожанармай құю станцияларының аумақтарында стационарлық және модульдік автожанармай құю станцияларын орналастыру кезінде өртке қарсы қашықтықтар "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі. Ғимараттар мен құрылыстар арасындағы өртке қарсы аралықтарды әртүрлі заттар мен материалдарды жинау үшін пайдалануға, көлік құралдары мен құрылыс объектілерін орналастыруға жол берілмейді;
- пайдаланылған сүрту материалдары мен мұнай өнімдері сіңген құмды жинау үшін қақпақтары тығыз жабылатын металл жәшіктер орнатылады. Сүрту материалдары мен мұнай өнімдері сіңген құм аптасына кемінде бір рет АЖҚС және АГҚС шегінен шығарылады.
- АЖҚС, АГҚС-тың барлық үй-жайларына кіретін есіктерде, сондай-ақ сыртқы қондырғыларда:
1) "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне сәйкес жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша үй-жайлардың санаттары;
2) ЭҚҚ бойынша жарылыс қауіпті немесе өрт қауіпті аймақтар класы;
3) өртке қарсы жай-күйге жауапты қызметкердің тегі және аты-жөні;
4) өртке қарсы қызмет бөлімшелерін шақыру телефондарының нөмірлері жазылып көрсетіледі.
- АЖҚС, АГҚС жанып жатқан көлік құралының аумағынан шұғыл эвакуациялау үшін ұзындығы кемінде 3 метр қатты буксирлеу штангасымен қамтамасыз етіледі.
- Қызмет көрсетушi персоналдың арнайы киiмi металл шкафтарда iлiнген күйде сақталады.
- Автожанармай құю станциясын ауыл шаруашылығы дақылдары егісіне, орман және дала алқаптарына жақын орналастырған кезде АЖҚС, АГҚС шекаралары периметрі бойынша ені кемінде 4 м жыртылады.
- АЖҚС, АГҚС аумағын гүлдену кезінде үлпектер, талшықты заттар немесе өсінді тұқымдар бөлетін бұталармен және ағаштармен көгалдандыруға жол берілмейді.
- АЖҚС-да тұрмыстық газ баллондарын толтыруға жол берілмейді.
- АЖҚС аумағы, ғимараттары, құрылыстары мен құрылымдары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт дабылы, өрт кезінде адамдарды хабардар ету және эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықталады.
- Жылжымалы автожанармай құю станциялары сыйымдылығы 10 л бір ауа-көбікті өрт сөндіргішпен және сыйымдылығы 5 л бір ұнтақты өрт сөндіргішпен жарақталады.
- Өрт сөндіргіштерді орналастыру орындары тиісті көрсеткіш белгілерімен белгіленеді - передвижные автозаправочные станции размещаются на специально отведенных площадках.
- перед началом эксплуатации передвижных автозаправочных станций на специально выделенной площадке:
Арнайы бөлінген алаңдағы жылжымалы автожанармай құю станцияларын пайдалануды бастар алдында:
1) бақылау-өлшеу аспаптары бойынша және көзбен шолып станцияның герметикалығы тексеріледі;
2) автожанармай құю станцияларының жерге тұйықтау өткізгіші алаңның жерге тұйықтау құрылғысына қосылады;
3) оны көлік құралының отын багының астына орнатуға арналған тұғырық көзделеді;
4) автожанармай құю станциясына көлік құралдарының кіруін кемінде 1 м шектейтін тосқауылдар белгіленеді;
5) ескерту белгісі мен ақпараттық қалқан орнатылады
Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың қоймаларын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі
- Резервуарлардың топырақ үйіп бекітілген жерлерінің көлемі осы топырақ үйіп бекітілген жердегі ең үлкен резервуардың көлеміне тең етіп орындалады және үнемі жарамды күйде ұсталады. Топырақ үйіп бекітілген жердің ішіндегі алаңдар тегістеліп, құм себіледі. Механикаландырылған өрт сөндіру құралдары үшін топырақ үйіп бекітілген жерлер арқылы өту жолдарын орнату кәсіпорын басшылығының рұқсатымен жүргізіледі. Бұл ретте топырақ үйіп бекітілген жердің тұтастығы мен биіктігін, сондай-ақ резервуарлық парктің шекаралары бойынша өту жолдарын бұзуға жол берілмейді..
- Толтыруды және деңгейді өлшеуді бақылау мен автоматтандыруға арналған құрылғылардың желілерін қоспағанда, резервуарлардың топырақ үйіп бекітілген жері ішінде және тікелей резервуарларда электр жабдығын орнатуға және электр желілерін төсеуге жол берілмейді.
Көрсетілген электр аппаратурасы мен сымдарды ЭҚЕ сәйкес жарылыстан қорғалып орындалған жағдайда ғана пайдалануға жол беріледі.
- Резервуарлық парктегі құбыржолдардың коммуникациясы резервуарда авария болған жағдайда мұнай мен мұнай өнімдерін бір ыдыстан екіншісіне айдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін етіп көзделеді.
- Жылдың қысқы кезеңінде резервуарлардың шатырларынан қар уақтылы шығарылады, сондай-ақ резервуарлық парктің аумағындағы жолдар мен өрт сөндіру жолдары қардан тазартылады.
- Қыздыруға немесе жазғы уақытта ұзақ сақтауға жататын резервуарды мұнаймен немесе мұнай өнімдерімен толтыру кезінде сұйықтықтың деңгейі (резервуардың толып кетуін болдырмау үшін) қыздыру кезінде сұйықтықтың кеңеюін ескере отырып белгіленеді. Суық мұнай өнімінің ең жоғары деңгейі сыйымдылық биіктігінің 95%-нан, ал сұйытылған газдардың 83%-нан аспауы тиіс.
- Төгілген мұнай, сондай-ақ резервуардың төбесіндегі мұнай өнімдері деңгейді өлшегеннен немесе сынама алғаннан кейін дереу алынады, ал резервуардың төбесі құрғатып сүртіледі. Шатырда сүрту материалдары мен қандай да бір заттарды қалдыруға болмайды.
- Жарылыс және өрт қауіпті үй - жайларда көмірсутектердің шоғырлануын тұрақты бақылау үшін жарық және дыбыс дабылы бар газ талдағыштар орнатылады.
- Әрбір резервуар жиналып қалған шөгінділерден жүйелі түрде (кестеге сәйкес) тазартылады.
- Мұнайды және резервуарларды қыздырғыштардың үстіндегі сұйықтық деңгейі кемінде 50 сантиметр болғанда қыздыруға жол беріледі.
- Резервуарлардағы тұтқыр мұнай өнімдері қызмет көрсетуші персоналдың тұрақты бақылауымен тек бу иректүтіктерімен жылытылады.
- Мұнай өнімдері толтырылған резервуарларда жұмыстар ұшқынға қауіпсіз аспапты пайдалану арқылы ғана жүргізіледі.
- Резервуарлық парктегі өнеркәсіптік су бұру желісі кемінде 0,25 метр тұрақты су деңгейі бар және арнайы құдықтарда орнатылатын, арқанмен басқарылатын сақпандармен жабдықталған, резервуарлардың топырақ үйіп бекітілген жерінен тыс шығарылған гидравликалық ысырмалармен қамтамасыз етіледі. Сақпанның қалыпты жағдайы жабық.
- Жіктерде немесе корпустың немесе түбінің негізгі металында жарықтар пайда болған кезде жұмыс істеп тұрған резервуар дереу босатылып тазартылады.
Мұнай немесе мұнай өнімдері толтырылған резервуардағы жарықтарды жою бойынша отпен байланысты және механикалық жұмыстарға жол берілмейді.
- Резервуарлық парктің және жеке тұрған резервуарлардың барлық аумағында көрінетін жерлерде белгіленген өртке қарсы режимді бұзуға жол бермеу туралы жазбалар орнатылады.
- Статикалық электр зарядтарының пайда болуын болдырмау үшін:
1) соғылған кезде ұшқын шығармайтын материалдардан дайындалған және сынама алғыштарға дәнекерленген ток өткізетін арқандары бар сынама алғыштар қолданылады (арқандарды резервуардың төбесіндегі жерге тұйықтау клеммаларына қосу керек);
2) статикалық электр зарядтарын жинамайтын маталардан жасалған киім пайдаланылады.
- Тез тұтанатын мұнай өнімдерінің сынамаларын оларды ағызу немесе құю кезінде алуға жол берілмейді.
- Сынама алу мен деңгейін өлшеуге мұнай өнімдерімен жұмыс істеу кезінде өрт-техникалық минимум бойынша оқыту курстарынан өткен адамдар жіберіледі.
- Мұнай өнімдерінің деңгейін өлшеу және сынамаларын алу өлшеу құрылғыларының стационарлық жүйелерімен ғана жүзеге асырылады. Ерекше жағдайларда газ кеңістігінің артық қысымы 2,10 Па дейінгі резервуарларда деңгей өлшенеді және өлшеу люгі арқылы қолмен сынама алынады.
- Деңгейді өлшеу және резервуарлардан сынама алу үшін қызмет ететін люктер герметикалық қақпақтармен, ал өлшеу саңылаулары ішкі жағынан ұшқын түзілуін болдырмайтын металдан жасалған сақиналармен жабдықталады.
- Шөге бастаған, герметикаланбаған, сондай-ақ крандары, құбырларды қосқыштары, тығыздама толтырғыштары, ысырмалары, өрт сөндіру және салқындату жүйелері ақаулы резервуарларды пайдалануға жол берілмейді.
- Күкіртті мұнай өнімдері сақталатын резервуарлар үшін пирофорлы күкіртті темір шөгінділерінен тазарту жөніндегі жоспарлы жұмыстардың кестесі әзірленеді.
- Пайдаланылатын резервуарлық парктер аумағындағы ашық отты (дәнекерлеу, кесу) қолданумен байланысты барлық құрылыс және монтаждау жұмыстары кәсіпорынның бас инженерінің жазбаша рұқсаты негізінде жүргізіледі.
- Топырақ үйіп бекітілген жердің ішінде және топырақ үйіп бекітілген жерде құбырларды төсеу және жөндеу кезінде қазылған орлар осы жұмыстар аяқталғаннан кейін дереу көміледі, ал топырақ үйіп бекітілген жер қалпына келтіріледі. Жұмыста ұзақ үзілістер болған кезде уақытша үйіп құлату ұйымдастырылады.
- Деңгейді өлшеу және сынама алу тәуліктің жарық уақытында орындалады. Түнгі уақытта сынама алу немесе деңгейді өлшеу кезінде жарық беру үшін жарылыс қаупі бар аймақтан тыс жерде ғана қосу және ажырату жүзеге асырылатын жарылыс қаупі жоқ аккумуляторлық фонарьлар ғана қолданылады, қалта фонарьларын қолдануға жол берілмейді.
- Авария кезінде төгілген мұнай өнімін жою үшін, сондай-ақ топырақ үйіп бекітілген жерлерден су бұру жолдарында нөсер суларын ағызу үшін топырақ үйіп бекітілген жерлердің шегінен тыс қолданысқа келтірілетін сақпан-клапандар түріндегі ысырма құрылғылары орнатылады.
- Мыналарға:
1) герметикалық емес жабдық пен тиек арматурасын пайдалануға;
2) жобалау құжаттамасында белгіленген топырақ үйіп бекітілетін жердің биіктігін азайтуға;
3) қисықтары мен жарықтары бар резервуарларды, сондай-ақ ақаулы жабдықты, бақылау-өлшеу аспаптарын, өнім өткізгіштерді және тұрақты өртке қарсы құрылғыларды пайдалануға;
4) топырақ үйіп бекітілген жерге ағаштар, бұталар, шөптер отырғызуға;
5) жанғыш негізге сыйымдылықтарды орнатуға;
6) резервуарлар мен цистерналардың толуына;
7) мұнай және мұнай өнімдерін төгу немесе құю кезінде резервуарлардан сынама алуға;
8) найзағай кезінде мұнай мен мұнай өнімдерін төгуге және құюға жол берілмейді.
- Тыныс алу клапандары мен от бөгегіштер дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасының талаптарына сәйкес тексеріледі.
Тыныс алу арматурасын қарау кезінде клапандар мен торлар мұздан тазартылады. Оларды ашық оттың көмегімен қыздыруға жол берілмейді және тек өртке қауіпсіз тәсілдермен ғана жүргізіледі.
- Резервуарлық паркте жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде резервуарлардың топырақ үйіп бекітілген жері ішіндегі аумаққа түтін құбырында ұшқын сөндіргіштері бар тракторлар мен автомобильдердің ғана кіруі жүзеге асырылады, ал пайдаланылатын немесе қорғалмаған резервуарға тракторлар мен автомобильдер 20 метрден кем емес қашықтыққа ғана жақындатылады.
Көліктің кіруіне рұқсатты әрбір жағдайда кәсіпорынның немесе объектінің басшысы белгіленген тәртіппен береді.
- Резервуарлық парктiң жұмыскерлерi пайдалану процесінде, сондай-ақ ықтимал авария немесе өрт болғанда қажеттi ауыстырып қосуды жылдам әрi мүлтiксiз жүргiзу үшiн құбырлардың орналасу сызбасы мен барлық ысырмалардың мақсатын бiлуi қажет.
- Егер жөндеу жұмыстары алдында мұнай құбырын мұнайдан толығымен босату мүмкін болмаса, онда мұнайдың төгілуін болдырмау шаралары қабылданады..