Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

Ұлан ауданының 2023 жылғы  қаңтар-маусымға

әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 

 

Шығыс Қазақстан облысында Ұлан ауданы 9,63 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2023 жылдың 1 маусымына ауданның халық саны – 33 993 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 16 ауылдық округ, 45 елді мекен бар.

 

ӨНЕРКӘСІП.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2023 жылдың қаңтар-маусым айында нақты бағада 30 567,3 млн. теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 129,3 % құрады. Тау-кен өнеркәсібі- 30,9 %, өндіріс өнеркәсібі-  134,8 %, азық түлік өнімдерін өндіру- 142,5 % құрады.

 

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

2023 жылдың қаңтар- маусым айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 6 678 млн. теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 48,9 % азайды. Тұрғын үйді енгізу 20,6 % кеміді өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда. Орындалған құрылыс жұмыстары 1 905,3 млн. теңгені құрады.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

2023 жылдың қаңтар- маусым айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 42 891 тонна (2022 жылдың сәйкес кезеңіне 165,6 %-ды) құрады.

34 105,2 тонна (102,5 %) - сүт өндірісі.

2 385,3 мың дана (101,8 %) - жұмыртқа

2023 жылдың 1 шілдесіне Ірі қара мал саны 3,5 % , сиырдың басы 3,6 % азайып, қой мен ешкі саны 2,3 % кеміді, шошқа 3,8 % көбейіп, жылқы басы 1,1 % ұлғайды және құс  басы 96,9 % өсті.

2023 жылдың маусым айында орташа еңбек ақы мөлшері 278 752 теңгені құрады, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5 %-ға ұлғайды.

 

Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 1,1 % ұлғайды, жұмыс істейтіндер өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 7,9 % артты.

 

Ең төменгі күнкөріс мөлшері Ұлан ауданы бойынша 2023 жылдың маусым айында 52 089 теңгені құрады.

2023 жылдың маусым айындағы тұтыну бағасының көрсеткіштері ШҚО бойынша 100,7 % мөлшерін құрады.