Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

Ұлан ауданының 2023 жылғы  қаңтар-шілдеге

әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 

 

Шығыс Қазақстан облысында Ұлан ауданы 9,63 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2023 жылдың 1 шілдесіне ауданның халық саны – 33 943 адамды құрады, барлығы ауыл тұрғындары. Ауданда 16 ауылдық округ, 45 елді мекен бар.

 

ӨНЕРКӘСІП.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2023 жылдың қаңтар-шілде айында нақты бағада 35 634,6 млн. теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 129,8 % құрады. Тау-кен өнеркәсібі- 30,2 %, өндіріс өнеркәсібі- 135 %, азық түлік өнімдерін өндіру- 142,7 % құрады.

 

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

2023 жылдың қаңтар-шілде айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 7 142,1 млн. теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 55,9 % төмендеді. Тұрғын үйді енгізу 19,1 % артты өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда. Орындалған құрылыс жұмыстары 2 091,1 млн. теңгені құрады.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

2023 жылдың қаңтар- шілде айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 49 169,4 тонна (2022 жылдың сәйкес кезеңіне 165,8 %-ды) құрады.

43 498,4 тонна (102,5 %) - сүт өндірісі.

3 041,3 мың дана (101,8 %) - жұмыртқа

2023 жылдың 1 тамызына Ірі қара мал саны 2,4 % азайып, сиырдың басы 3 % кеміді, қой мен ешкі саны 1,3 % азайып, шошқа 3,6 % өсіп, жылқы басы 1,5 % ұлғайды және құс  басы 47,8 % ұлғайды.

2023 жылдың шілде айында орташа еңбек ақы мөлшері 292 345 теңгені құрады, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,8 %-ға ұлғайды.

 

Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 1,5 % ұлғайды, жұмыс істейтіндер өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 7,3 % артты.

 

Ең төменгі күнкөріс мөлшері Ұлан ауданы бойынша 2023 жылдың шілде айында 51 300 теңгені құрады.

2023 жылдың шілде айындағы тұтыну бағасының көрсеткіштері ШҚО бойынша 100,6% мөлшерін құрады.