
Ұлан ауданының төтенше жағдайлар бөлімі найзағайдың соқысынан
қалай сақтануға болатындығын естеріңізге салады:
Егер Сіз көшеде немесе табиғатта болсаңыз:
-ашық алаңнан дүкенге немесе подьездге кіріп тұрыңыз;
-қолдарыңдағы немесе киімдегі темір заттарды құрық, кілт, алқа және т.б
алып тастаңыз;
-ашық жерде қол шатырдың астында тұрмаңыз;
-ұялы телефонды қолданбаңыз ( өшіріп тастасаңыз дұрыс болады);
-суға түспеңіз және су айдынынан 100-200 метр алшақ тұрыңыз;
-жалғыз өсіп тұрған ағаштың түбіне тығылмаңыз;
-егер биік жерде тұрсаңыз төменге қарай түсіңіз;
-от ошағынан және мангалдан алысырақ тұрыңыз.
Ұлан ауданының ТЖБ