
2023 жылдың 3-ші тамыз күні Ұлан ауданының әкімі Думан Есдаулетович Рахметкалиевтың төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының мүшелері және ұйымдардың басшылары қатысты. Күн тәртібінде «Ұлан ауданындағы өртке қарсы су көздерінің жай-күйі», «Аудандық командалық-штабтық, штабтық, комплекстік оқу-жаттығуларды ұйымдастыру мен өткізу», «Ұлан ауданындағы ғимараттар мен үймереттерді жер сілкінісінен күшейту жұмыстарын жүргізу», 2023-2024 жж жылыту маусымы кезеңінде профилактикалық іс-шараларды жүргізу», «Ұйымдарда және тұрғын үйлерде газды қолдану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қасым Қайсенов кентінде газгольдерлерді пайдалану» туралы сұрақтар қарасытырылды.