
Өрт - ол материалдық шығын келтіретін, азаматтардың өмірі мен денсаулығына, коғам мен мемлекетке залал тигізетін бақыланусыз жану.
Сонымен, өрт кезінде не күтуге болады? Біліп, үйренетін негізгі төрт фактор бар, егер: сіз өрттен құтылғыңыз келсе.
Біріншіден, өрт соқыр қылдырады, сіз өртте көре алмайсыз. Екіншіден, жалын емес, газ бен түтінін өлтіреді. Үшіншіден, оттан шыққан жылу соншалықты күшті, ол өзі өлімге әкелуі мүмкін. Төртіншіден, уақыт. Өрт уақыт қалдырмайды.
Сонымен, егер адам отпен жабылған пәтерде қалып қойса, оған не істеу керек? Адамды босатудағы бірінші және ең басты нәрсе - үрей туғызбай, салқынқандылықты сақтауға тырысу, 101 телефоны бойынша өрт сөндірушілерді шақыру. Ең қауіпсіз жолдармен жүруге тырысу. Егер қалың түтін барлық жолдарды толтырса, онда ауа ағыны мен оттың таралуын болдырмас үшін кіреберісті мықтап жауып, бөлмеге оралу керек. Егер түтін бөлмеге енсе, еденге жақын тұрыңыз: әрдайым таза ауа бар. Ауыз бен мұрынды орамалмен немесе сүлгімен жабыңыз. Мүмкіндігінше, өрт сөндірушілер сіздің үй - жайда болғаныңыз туралы білуі үшін терезе жанында тұрыңыз.
- Жалынмен өз бетіңізше күресуге болмайды.
- Түтінделген дәліз немесе баспалдақ арқылы шығуға болмайды.
- Су ағатын құбырлар мен тікқұбырлар, лифтілер арқылы түсуге болмайды.
- Терезеден секіруге болмайды.
Есіңізде болсын: сіздің өміріңіз сіздің қолыңызда. Сабырлық сақтап жоғарыда көрсетлген кеңестерді ұстануға тырысыңыз. Өрт кезінде «101» немесе «112» қоңырау шалыңыз.
Ұлан ауданының ТЖБ.