
Функционалдық міндеттері: кәсіпорынның жалпы басшылық өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін ұйымдастыру; барлық құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл орындалуын қамтамасыз ету; кәсіпорын қабылдаған барлық елді мекенде жылумен, сумен жабдықтау және сарқынды суды бұру бойынша міндеттемелерді орындау.
Біліктілік талаптары: жоғары техникалық, экономикалық білім, жұмыс стажы басшы лауазымдарында кәсіпорынның бейініне сәйкес экономика саласында 5 жылдан кем емес.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Заңы, Қазақстан республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Конкурсқа ниет білдірген азаматтар " Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) түйіндеме мемлекеттік және орыс тілдерінде;
3) өмірбаян еркін нысанда;
4) белгіленген тәртіппен куәландырылған білімі туралы құжаттар;
5) еңбек кітапшасының көшірмесі, белгіленген тәртіппен;
6) денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) үміткерлер лауазымына ұсынуы мүмкін қатысты өзге де құжаттар, білім беру, жұмыс тәжірибесі және т. б
Конкурсқа қатысу үшін 2023 жылдың 10 шілде айынан 30 шілдеге дейін қажетті құжаттар ұсынылуы тиіс. Конкурс өткізілетін орын: ШҚО, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы,5, 201,202 кабинет, " Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ. Анықтама телефондары: 27-159, 28-065.