
Жасөспірімдердің терезелерден құлау оқиғаларының жиілеп кетуіне байланысты Ұлан ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ата-аналар сәбилерін қараусыз қалдырмауға, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Көбінесе терезеден құлау ересектердің балаларды бақылаусыз қалдыруынан, бөлмеде кішкентай балалар болған кезде терезелерді жабуды ұмытып кетуден, пәтерлерде жиһазды дұрыс орналастырмаудан, балаларға терезеге шығуына мүмкіндік беруден болады.
Жабық терезенің елесін тудыратын москит торлары да үлкен қауіп төндіреді, олар кішкентай баланың салмағын көтере алмайды және оның құлап кетуіне жол бермейді, олар тек шаң мен жәндіктерден қорғауға арналған.
Құрметті ересектер! Қырағы болыңыздар, балаңыз терезе құрбаны болмасын десеңіз үйде жалғыз қалдырмаңыз.
Ұлан ауданының ТЖБ