
Шілде айының басынан бастап Ұлан ауданы аумағында тұрғындар мал азығын дайындауды бастады. Ауа температурасының ыстық болуына байланысты, өрт фактілерінің алдын-алу мақсатында Ұлан ауданының төтенше ажғдайлар бөлімі аудан тұрғындары, шаруа қожалықтарының, ұйымдар басшыларына мал азығын дайындау, тасымалдау, сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ұлан ауданының ТЖБ-і Сіздерден төмендегі ережелерді назарларыңызға алуларыңызды сұрайды:
-ауылшаруашылық алқаптарында шөп шабу жұмыстарын жүргізілер бұрын шабындық жерлерді периметр бойынша ені 4 метр болатын минералды жолақтарды жүргізіп шығу керек;
-автотрактор техникасын құрғақ шөптен, жанғыш қоқыстан тазартылған және ені кемінде 4 метр жолақпен жыртылған арнайы алаңдардан тыс жерде, немесе қырманнан, шөп пен сабаннан, астық алқаптарынан 100 метр қашықтықтағы, ғимараттар мен құрылыстарға 50 метр қашықтықтағы жыртылған жерлерде ғана сақтауға және жанар-жағармай құюға болады;
-ауыл шаруашылығы техникасының кабинасы мен шанағында тез жанғыш заттарды сақтауға және тасымалдауға болмайды;
-ауылшаруашылық техникасының мотор бөлігі, бөлшектері мен тораптары таза ұсталады, жанғыш сұйықтықтардың дақтары дереу жойылады;
-мал азығын дайындау, тасымалдау тек шығару құбыры ұшқын сөндiргіштермен жабдықталады және радиатор астынан алға қарай шығарылған автокөліктермен жүзеге асырылады.
Ұлан ауданының ТЖБ